Шығыс Қазақстан облысында боран салдарынан әлі 80 көлік жолда тұр

4.jpg

Шығыс Қазақстан облысында боран салдарынан  әлі 80 көлік жолда тұр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сағат 11-00-дегі жағдай бойынша көлік құралдары кептеліп қалған жерде жолдың бір жолағы тазаланып, сол арқылы автокөліктер өтіп жатыр. Автожолда әлі де шамамен 80 көлік құралы қалды.  Автобустар бұған дейін Таскескен аулына жеткізілген жолаушылардың келуін күтуде. Олар арнайы техникалармен жеткізіледі. "Қазавтожол" күшімен жолды тазалау жұмыстары жалғасуда", - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оның дерегінше, боран салдарын жоюға 100 маман мен 41 техника жұмылдырылған.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауынан 312 адам  эвакуацияланғанын хабарлаған едік.



Ұқсас тақырыптар