Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 саты жоғарлады

2.jpg

20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) титулды жекпе-жектегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингте біршама жоғарлады, - деп жазады Vesti.kz.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсірген болатын. Осылайша, қазақстандық алғашқы орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.

Бұл жекпе-жектен кейін Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 саты жоғарлаған, 201-ден 85-ші орынға. Ал қарсыласы бірден 103 саты құлдилады - жекпе-жек алдында Хуарес 103-ші орында болған, қазір 206-шы.

BoxRec рейтингінде алғашқы орта салмақта әлем бойынша 1850 боксшы бар, тізім басында WBO чемпионы Хайме Мунгуйя (32-0, 26 КО). Қазақстандықтар арасында Ахмедов екінші келеді - алдында тек 26 жастағы Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО). Желтоқсанда ол WBC Asia белбеуін жеңіп алып, 80-ші орынға көтерілген.



Ұқсас тақырыптар