Bosch ұшқышсыз әуе көліктерін шығаруға 4 млрд еуро жұмсамақ

2.jpg

Автокомпоненттер шығаратын әлемдік жетекші компаниялардың бірі Robert Bosch GmbH 2022 жылдың соңына дейін ұшқышсыз басқарылатын автокөліктер шығару үшін 4 млрд еуро жұмсамақ. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазды.

Bosch бес жыл аралығында бағдарламаларды жасау үшін 25 мың маманды жалдауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңына дейін жасанды интеллект технологиясына маманданған қызметкерлер санын 4 мың адамға дейін өсірмек.

Онжылдан бері компанияға дизельді қозғалтқыштар өндірісі табыс әкеп отырған, енді бәрі өзгермек. Bosch 2025 жылға қарай негізгі түсімді электромобилдер сегментінен алуды көздеп отыр.

«Ұшқышсыз басқарылатын автокөліктер біздің саланы түгелдей өзгертеді. Waymo осы технологияны жасау арқылы үлкен жетістікке жетті, дегенімен біз де олармен бәсекеге түсе алатынымызға сенімдіміз»,-дейді Bosch компаниясының бас директоры Фолькмар Деннер.



Ұқсас тақырыптар