«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

55.jpg

Елбасының 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негіз болған, сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайту мақсатында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастады.

Алматы облысы аумағында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мен азаматтардың тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау бойынша қандай да ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне хабарласуыңызға болады.

Сіздердің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Jetisý - adaldyq alańy» ашық тобына, «Whats App» мобильді қосымшасы арқылы 8 701 994 07 07 нөміріне жолдаған ұсыныстарыңыз бен шағымдарыңыздың негізінде жоба жетекшілері мен мамандары нақты шара қолдануға бар күшін салады.

 Қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныс-тілектеріңіз болса 8 (7282) 24-71-19 байланыс телефонына хабарласыңыз.



Ұқсас тақырыптар