5 баланың өлімі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

2.jpeg

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин 5 баланың өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты болған жағдайға кімнің жауап беретінін айта алмаймын. Тергеу жүргізіліп, шешім қабылданады. Тергеудің аяқталғанын күтейікші. Мәселенің анық-қанығын тергеу шешеді. Нақты шешімді сот шығарады», - деді вице-министр Үкімет отырысынан соң журналистерге.

Осыған дейін ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин елімізде уақытша баспанада (времянка) тұруға рұқсат берілмеуі мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, 4-ақпанда Астанадағы Көктал тұрғын үй алабында уақытша баспана (времянка)  өртеніп, 5 бала көз жұмды. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өрттің неден шыққанын мәлімдеген.

Ал Елбасы мен Үкімет басшысының 5 баласынан айырылған отбасы көңіл айтқан.

Кейін әлеуметтік желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың жұмысына қатысты сын айтылды.

Бүгін аталған сынға министр жауап берді.

Сонымен қатар бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өңір басшыларын сынға алып, өрт қауіпсіздігіне жауапты бірқатар шенеунікке сөгіс жариялағанын жазғанбыз.



Ұқсас тақырыптар