Ауған ардагерлерімен кездесу өтті

IMG_8122.JPG

Ер есімі-ел есінде

Қан майданның жүректе жарасы бар

Қайғысы мен зілі бар наласы бар

Арамызда жүректін алшаң болып

Ардагерлер азайып барасыздар

 

Ия, уақыт қарқыны зымыран емес пе!? Кеше ғана тәуелсіздікке қол жеткізген едік, ал қазіргі таңда сол тәуелсіз елде желбіреген байрағымыздың астында еркін бейбіт өмір сүріп жатқанымызға 27 жылдан астам уақыт өтті. Тәуелсіздік жолында талай     қиындықты, зар заманды, тар жол тайғақ кешуді өткізгенімізге тарих куә. Сондай сұрапыл жылдардың бірі - Ауған соғысы 1979 жылы басталған бұл қақтығыс 1989 жылдың ақпанына дейін жалғасты. Сындарлы он жыл. Барлық қиындықты ашаршылық пен жауыздықты көрген кеңес әскерлері 1989 жылдың 15 ақпанында ауған жерінен шығарылды.

30 жыл ... Бүгінде сол зұлматтың біткеніне 30 жыл толып отыр. Радиоэлектроника және байланыс әскери - инженерлік институтының 1 курс курсаттары Ауған ардагерлерінің құрметіне орай, ауған майданында өткізген ардагерлер Орынбасаров Бақытжан және Голоскоков Михаил Владимировичпен кездесу өткізді.

Кездесудің басын кеше ғана дүниеден өткен ардагер батырымыз қазақ елімен кеңес елдерінің тарихыныда «Қара майор» атымен қалған Борис Төкенұлы Керімбаев ағамызды еске алу үнсіздігінен бастады. Батыр ағамыз бұған дейінде институт қабырғасына талай қонақ ретінде келіп, болашақ офицерлермен және оқытушы профессорлар құрамымен тәлімді тәрбиелі кездесулер өткізген болатын.

Тәлімді ғибратқа толы бұл кездесуде Ауған ардагерлері сол сұрапыл жылдарды еске алып, өзінің өмірлік жолынан, әскерлік өмір жолынан сыр шертті. Институт курсанттары ауған батырлары сыр шерткен кездесуден жаңа рух пен ерекше әсер алды. Ғибратты әңгімелер мен тәсілімді ойлар айтылды. 30 жыл өткенмен ауған соғысының жанға да тәнге де салған ізі ауған ардагерлерінің жүзінде тұрды.

Еліміз осындай батыр ағаларымыз бен қаһарман тұлғаларымен мақтанады. Соңында естелік суретке түсіп, бұл жиынның нүктесі қойылды. Десе де бұл соңы емес 15 күні ел үшін толарсақтан қан кешіп тілерсіліктен саз кешкен батыр ауған майдангерлеріне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жалғасын таппақ. Институт басшылығы мұндай рухани кездесулерді жиі өткізуді қарастырмақ. Себебі

                         Көре-көре көсем боласың

                         Сөйлей-сөйлей шешен боласың,

демекші осындай кездесудің бүгінгі курсант ертеңгі офицерге берері мол. Ештеңе ұмыт қалмайды. Ел қорғайтын батырлардың ерлігі қайта жаңғырып ұрпаққа өнеге болсын! Ер есімі-ел есінде!



Ұқсас тақырыптар