Соңғы 10 жылда 500 мың отбасы ажырасып кеткен

6.jpg

Соңғы 10 жылда елімізде 1,5 миллион жұп отбасын құрған. Бірақ, солардың үштен бірі, нақтырақ айтсақ 500 мыңы ажырасып тынған. Ұлттық экономика министрлігінің келтірген бұл статистикасы қоғамды ғана емес,  сот саласының қызметкерлерін де алаңдатып отыр. Ажырасу фактілерін азайту үшін соңғы жарты жылда отбасылық сот пилоттық жобасы іске қосылған. Мамандардың айтуынша, бұл бастаманың керек екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.  

 ЖАНАРГҮЛ АЛПЫСБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР  ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ

«Ол отбасыларда кәмелетке толмаған балалар бар. Ажырасу ересек адамдарға стресс. Ал балаларға қиын түседі. Өйткені бала екі ата-ананы да міндетті түрде жақсы көреді. Осы жағдайда оған таңдау жасау керек. Қай ата-анамен тұру керек. Бұл кәмелеткен толмаған балаға қиыншылық туғызады. Үлкен стресс».  

Аталған жобаның кем-кетігі болса ақыл сұрау үшін тәжірибе алмасуды жөн көрген қалалық соттың өкілдері шетелден сарапшы алдырыпты. Кристиан Рохтың айтуы бойынша Германияда отбасылық сот 1977 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Егер Қазақстан мұндай  жобаны қолға аламыз деп бекінсе, ұзаққа созудың қажеті жоқ екен.    

КРИСТИАН РОХ, ЗОНТХОФЕН ҚАЛАСЫ УЧАСКЕЛІК СОТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Отбасылық сот жобасы ажырасудың көрсеткішін төмендетуге көмектеседі деп есептеймін. Мұны халықаралық тәжірибе дәлелдеп отыр. Аталған проблеманы шешуде сот процесінің саласы болғаны дұрыс. Істі қарайтын судьяның өзі тәжірибелі болуы керек. Ажырасуға арыз беруге келген азаматтардың мәселесін толық тыңдап, мамандардың қабылдауына жіберіп барып салмақты шешім қабылдаса бұл үрдіс ертелі кеш жемісін бере бастайды».  



Ұқсас тақырыптар