Жас педиатр дәрігерлердің ІІ басқосуы өтеді

2.jpg

2019 жылдың 1 наурыз күні «Жастар жылы» аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты тақырыпта докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғыз және өз еліміздің 100-ден астам зерттеу жұмысымен айналысатын жас педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлері қатысады.   

Халықаралық деңгейдегі бұл конференцияда балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері,  балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері,  сирек ауруларды емдеу мен диагностикалауы жетілдіру, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту,   психологиялық және медициналық-әлеуметтік бейімдеу, балалар жасындағы интенсивті терапия мен анестезиология, диагностикалау мен емдеуде  қолданылатын заманауи медициналық технологиялар және т.б. нәрестелер мен балаларды емдеу мен педиатрия, хирургия саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми жобалар ұсынылатын  болады. 

Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары, медицина саласына еңбек сіңірген қайраткерлер жас ғалымдар алдында алғы сөз сөйлейді. Конференцияның басты мақсаты - жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру, педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы өзекті мәселелерді көтеру, дамуы мен келешегін саралау,   жас мамандарды ғылыммен айналысуға шақыру, денсаулық саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жас дәрігерлердің рөлін арттыру.  

Ғылыми конференцияға ұсынылған баяндамалар үш аталым бойынша анықталып, марапатталады:

1. «Үздік баяндама» (3-орын);

2. «Үздік мақала» (3-орын);

3. «Үздік постерлік баяндама» (3-орын).

Конференция материалдары «Педиатрия және бала хирургиясы» ғылыми журналында жарияланатын болады. 

Өтетін күні: 1 наурыз, 2019 жыл;

Басталуы: 9.00-де (тіркеу 8.00-де);

Өтетін орны: Алматы қ-сы, «Рахат палас» қонақ үйі, Сәтбаев көш-сі 29/6. 



Ұқсас тақырыптар