«Елімнің бақытты болғанын болашақта емес, қазір көргім келеді...!»

2.jpg

          «Елімнің бақытты болғанын болашақта емес, қазір көргім келеді...!» Мемлекет басшысы, ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Нұр Отан партиясының 20 жылдығына арналған кезекті съезінде осылай нықтап айтқан бұл тірек сөзі – ғасыр сөзіне айналары сөзсіз. Иә, тәуелсіздік таңының атқалы 27 жылдан астам уақыт өтіп барады, бағындырған белесіміз аз емес, қазақтың салған дара жолы, тарих жолы, егемен мемлекетіміздің алдаспанына , көптеген маңдай алды мемлекеттердің сүйсінер алтын жолына айналды. Ұранымыз «тұрақтылық, татулық, бірлік, береке»  деп жаһанға жар салған Елбасының қазіргі таңда жасаған еңбегі зор. Ұлтымыздың көшбасшы партиясына айналған «Нұр Отан» партиясының құрылғанына  20 жыл болса да, бұл жиырма жылда «Нұр Отан» тамырын тереңге жая білді. Аталмыш 20 жылдың ішінде ұлттың ұйытқысына, іргелі істің бастамасына айнала білген «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық кезекті съезі Орта Азиядағы тұңғыш әрі жалғыз әскери ордасы – РАДИОЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ӘСКЕРИ ИНЖЕНЕРЛІК ИНСТИТУТЫНЫҢ назарынан шеткері қалмады. Жаһандық жаңалықтардан әрдайым хабардар болып жүретін оқу ордасының курсанттары құннты кейпі мен жасампаздық жалауы бар «Нұр Отан» партиясының XVIII съезін  мәдени демалу орталығынан тамашалады. Жиында алғаш болып сөз алған, Елбасымыз әрі «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін жіті тыңдады. Мемлекет басшысы өз кезегінде халықтың әл – ауқат жағдайы мен қоғамдағы күрмеуі шешілмей  тұрған түйіннің негізгі мәселесін сөз етті. «Қазақстандықтардың бақытты өмірі бүгіннен бастау алуы тиіс» - деп елдің қамын ойлаған Елбасының жалынды сөздері  әскери оқу ордасының курсанттары мен офицерлік құрамының рухын аспандатты. «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауап¬кер¬ші-лі¬г¬іміз. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үле¬сің¬ді қосу». деп Елбасымыз  айтқандай, «Нұр Отан» съездінің  түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді үйлестіре, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болуға бастар жол деп білемін. Жиында келелі ойлар, кесекті сөздер айтылды. Жастарға бағыт бағдар берген Елбасы үнемі өзінің еңбек жолын мысалға алады. Еңбектен қорықпаған жастың болашағы әрдайым биік болатынын білетін Елбасы бұл жиында да жастарды еңбекке шақырды. «Таңдайына тәтті балдың дәмі тату үшін араның шаққанына аю шыдарын» ескерген Елбасының әр сөзі курсанттардың жадында қалды. Себебі Елбасы жастарға сенеді, ал Жастар елдің көшін бастайтын, жалынды жастарға жаңа бағыт беретін Елбасыға сенеді. Ел болашағы үшін елеулі өзгерістерге жол ашқан съезд қорытындысы жалынды жастардың бейнесінде. Егеменді ел болып еңсені тіктегеннен кейінгі мақсат – жұмылған жұдырыққа айналып, кез келген қиындыққа төтеп беру. Жұмылған жұдырық – береке мен бірлікке, татулық пен тұрақтылыққа бастайтын негізгі бастама, сара жол. Кездесудің қорытындысын шығарған Елбасы Қазақ Елінің Мәңгілік Ел дәрежесіне апаратын баспалдақтарын сенімді басуда деп атап көрсетті. Мұның бәрі бірлік пен тұрақтылықтың нәтижесі. Елім деген ері барда, ерім деген елі барда қазақ елі тұрақты даму жолынан ажырамасы хақ. Осы Тұрақты даму жолында қарқынға қарқын қосып, ұлттық санамызды жаңғырту барысында  барлық бейбіт елдің ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ дамылсыз еңбек етуде.... Нәтиже қандай болмақ?! Ол сіз бен біздің қолда. Ғылым мен білімде, спорт пен өнер де өз жұлдызымызды әрмен қарай биіктететін сәт туды. Ендеше, тығырыққа һәм қиындыққа қарамастан ілгері басайық. Рухани үндестік пен биік межеге талпыну баспалдақтарын нық басуға бағытталайық.

 «Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?!» - дегенді ұран етіп, өзімізді дәлелдейтін уақытты барынша пайдаланып, шоқтығын жағайық! Лайым, санаға жалын беретін қайсар азаматтар көп болсын!

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік 

институт бастығының

Тәрбие және идиологиялық жұмыстары 

жөніндегі орынбасары-басқарма бастығы

Дархан Үмбетов

подполковник



Ұқсас тақырыптар