Tele2 және Altel БК 2018 жылдың қорытындысын шығарды

1.jpg

Бірлескен компания бүкіл басты көрсеткіштерінің өсуімен 2018 жылды қорытындылады. Абоненттік база көлемі 2017 жылдағы көрсеткішпен салыстырған 7,160,000 адамға өсті.

Абоненттік базаның және әр абоненттен түсетін орташа кірістің өсуі компанияның қаржылай нәтижелеріне оңынан әсер етті. 2018 жылдың 4-тоқсаны ішіндегі жиынтық ақшалай түсім 33,3 мдрд теңгені құрады (2017 жылдың 4-тоқсанында 28,5 млрд теңге), ал 2018 жылдың нәтижесі бойынша 122,2 млрд теңге құрады (2017 жылы – 104 млрд. теңге). Компанияның 2018 жылдың 4-тоқсанындағы абоненттік ақшалай түсімі 26,4 млрд теңге (2017 жылдың 4-тоқсаны – 22,1 млрд теңге), ал  2018 жылы барлығы 96,1 млрд теңге құрады (2017 жылы 80,2 млрд теңге). 2018 жылы EBITDA 69%-ға, яғни 41,9 млрд. теңгеге дейін өсті (2017 жылы 24,8 млрд. теңге). 2018 жылдың 4-тоқсанында EBITDA12,8 млрд. теңге құрады (2017 жылдың 4-тоқсанында 7,8 млрд теңге).

Компания 2018 жылдың соңына қарай 6380 базалық станцияны біріктіре отырып, белсенді түрде желіні салуды жалғастырды. Олардың 70%-дан астамы деректері таратудың соңғы стандарты - LTE Advanced технологиясын қолдайды. Осылайша ҚР тұрғындарын осы технологиямен қамту көрсеткіші 75,3%-ға жетті.

LTE Advanced желісін кеңейту және жаңғырту деректерді тарату көлемінің айтарлықтай өсуіне алып келді, 2018 жылы ол 822 ПБ құрады ( 2017 жылы - 540 ПБ).

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап компания қазақстандық мобильдік операторлардың ішінде алғашқы болып Алматыда мобильдік желінің виртуалдық ядросын коммерциялық пайдалануға берді. Ядроны виртуалдандыру желі өнімділігін шектемеуге мүмкіндік беріп, ең көп салмақ түсетін уақыттарда ресурстарды қайта үлестіруге және қажет болған жағдайда қосымша серверлік қуаттылықтарды қосу жағдай жасайды. Платформа 5G желісінде қолдануға жарамды. 2019 жылы Астана, Шымкент және Ақтөбедегі ядроларды виртуалдандыру жоспарланған. Осы жоспарларды табысты жүзеге асыру желіні икемді әрі берік етуге, сондай-ақ, VoLTE технологиясын ендіруге мүмкіндік бермек.

«Tele2 және Altel бірлескен компаниясының үш жылдық қызметі ішінде біз абоненттік базаны айтарлықтай өсіріп, басты қаржылық көрсеткіштерді арттыруды жалғастырдық. LTE Advanced желісін дамыту және желідегі жобаларды жүзеге асыру аясында күш біріктіруіміз арқасында біз желі жұмысының тұрақтылығын арттырып, технологиялық көшбасшылығымызды сақтап қалдық. Біз қол жеткізілген көрсеткіштерді місе тұтпай, алдағы жылдары абоненттердің мобильдік қаржылық сервистерге және ОТТ қызметтеріне (ғаламтор арқылы бейнеқызметтерді ұсыну) деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды, сондай-ақ, 5G және IoT сервистерін іске қосу үшін желіміздің әлеуетін қодлануды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Tele2 және Altel бірлескен компаниясы басқарма төрағасы Роман Володин.



Ұқсас тақырыптар