Алматының орталығында атыс болды

2.png

Оқиғаға қатысы бар деген екі күдікті ұсталды.

Инстаграмм желісіндегі kris_p_brothers  парақшасында 7 наурыз күні Бостандық ауданында болған атыстың видеосы жарияланды.

Видеода қара Gelandewagen қасында бірнеше ер адамның әңгімелесіп тұрғанын көруге болады. Аяқ астынан олардың қасына қолына бірдеңе ұстаған ер адам келеді. Адамдар жан-жаққа қашады.

Оқиға Сәтпаев көшесіндегі ғимараттың алдында болды.

Полиция қылмысты тексеріп, екі күдіктіні ұстаған. Олар уақытша қамау изоляторына еткізіліп, тергеу жүріп жатыр.



Ұқсас тақырыптар