Алматылықтар көлік жөндеу орталығына алданып қалды

3.jpg


Алматылық бір топ тұрғын машиналарын жөндетеміз деп алданып қалған. Көлік жөндеу орталығына темір тұлпарларын кіргізген жүргізушілер ондағылар айлап ештеңе істемей отырғанын айтады. Салдарынан көліктері күн астында шіріп бітетін болыпты. Алып кетейін десе келісімге отырып берген ақшаларын да бермепті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

"Қаладағы Машана мен Әшімов көшелерінің қиылысындағы көлік жөндеу орталығының алды қазір қаз-қатар темір тұлпарға толы. Олар үш жарым, алты ай, тіпті бір жылдан бері тұрғанға ұқсайды. Бүгін де көліктерін жөндеуге әкеп бес алты айдан соң қиратып әкеткен бір тұрғын осында келді. Әйтпесе, инстаграмм желісінде олардың жарнамасы жер жарып тұр дейді". 

15 мыңнан астам оқырманы бар бұл парақшаға елдің бәрі қызығады. Әсіресе, көлік жүргізушілерінің аккаунтты бір қарап шықпаса көңілдері көншімейді. Өйткені, онда темір тұлпардың кез-келгенін сырлап, сынғанын бүтіндеп, түзетуге 100 пайыз кепілдік береді. Жарнамасына алданғандар бәрі өтірік деп отыр. Өйткені, жөндеуге әкелген көліктеріміз жөнделмек түгілі қираудың алдында тұрды дейді. 

МЕРУЕРТ ШАМШЕТ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

«Бір айдан кейін келген кезде машина қалай тұрды солай шаң басып тұр екен. Двигательі мен коробкасын шешіп тастаған, далада тұр екен. 03.10 Жасалмаған соң күнде сағат алтыда барып отырдым. Түнгі 12-ге дейін отыратынмын. Күнде солай екі ай уақыт өтті. Екі айда қалай болса солай жасады». 

Меруерт Шамшет көліктегі қосалқы бөлшектердің бірі де орнында емес дейді. Үш жүз мыңға жуық қаржысының күйіп, уақытының да босқа кеткенін айтады. Ал, Әсел Жартыбаева соғылған темір тұлпарын кіргізіп, басы бәлеге қалған. 230 мың теңгесін маманға санап бергенімен, 1,5 млн. теңгеге қайта жөндеткен. Өйткені... 

ӘСЕЛ ЖАРТЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 

"Ол маған ақшамның бір тиынын да қайтармады. Мен сотқа бердім. Көлігімді тану мүмкін емес. Ішінің астаң-кестеңін шығарған. Есігінің резеңкесін түсірген. Екі аптада бәрін қатырамыз деп инстаграмда елді алдап жүр. Шындап келгенде жарты жылдың өзінде түк жасамайды олар". 

Келіншектерді қайдам, ер азаматтардың өзі алданып жатыр бұл орталыққа. Жұмысына көңілі толмағандар бүгін баса-көктеп кіріп, мамандардың салғырт ісін көздеріне шұқып көрсетті. Тіпті, бірі алдын-ала берілген ақшасының ала алмай жүргенін жайып салды. 

«Два месяца она стояла гнилая, и я забрал его на эвакуаторе. Денег нет. Ни денег, ни работы. Сколько вы дали? 300 тысячи. ақшасын береміз деп қол хат жазып бергенбіз. Енді береміз». 

Ақшасын береміз деп сендіріп тұрған көлік орталығының басшысы. Әйтсе де, үш айдан бері қайтармай жүргенге ұқсайды. Еш саспай, өзімізге қоқан-лоқы көрсетті, өз ісіне сенімді. Тұрғындар сотқа берсін, сүйрелуге де дайынмын дейді. Тіпті, жұрттың көп сұрағына жауап бермей қуып шықты аумақтан. Бар айтқаны, жүргізушілердің көбі кезегін күтпей шыдамсыздық танытады екен. 

АЙБОЛ БАҚҚҰЛИЕВ , КӨЛІК ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

«Үш жарым ай деген өтірік әңгіме. Біз екі аптада шығарып жатырмыз. Екі аптада бітірді ма? Две неделью обещал. Два месяца он сделал он. Последний день до пяти наблюдал. Что бы они закончили. После этого забрал». 

Ал, жұрт күту ештеңе емес, тек сапалы қызмет көрсетілсе үнсіз болар едік дейді. Мынау жиналғандардың бәрі көліктерін қырғын төбелеспен, орталықтан әрең шығарғандар. Талай рет аудандық полицейлерге хабарласқанымызбен, тәртіп сақшыларының өзі алдарында дірілдеп жүреді екен. Ал, департамент іс тергеліп жатқанын айтады. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Көпшілік соттассын, соттаспасын, өздері секілді басқа жүргізушілер алданбаса деген ниеттері бар. Орталық жабылмай тынышталмаймыз деді».



Ұқсас тақырыптар