Абақтыда отырғандар қанша емделсе де есірткі мен ішімдікке тәуелділіктен арыла алмай келеді

2.jpg


Дәрігерлер оларды мың жерден мәжбүрлеп сауықтыруға тырысқанымен, бәрібір адам қатарына қосылатындары екіталай екенін айтып отыр. Ал бостандыққа шыққаннан кейін баяғы әдетіне басып, қайта қылмыс жасап, түрмеге түсетіндердің дені де  солар екен. Жазасын өтеушілердің денсаулығында қандай кінәрат бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Ақтөбедегі халық арасында «алтыншы түрме» аталып кеткен абақтыға таңертең бір топ дәрігер сау ете қалды. Құр келмей, асай-мүсейлерін арқалай келіпті. Қылмыстық атқару жүйесінің 
168 ∕ 2 түзету мекемесіне сотталғандардың денсаулығын тексеріп, ем-дом жасайтындар тапшы екен.
Ол жерге барлығы 12 маман қажет болса, қазір талапқа сай тек екі дәрігер ғана бар. Сондықтан, бүгін абақтыға алғаш рет жылжымалы медициналық көлікті кіргізіп, сотталғандарды медициналық тексеруден өткізді. 
ШЫНБОЛАТ ДАУЫЛБАЕВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ «КА-168/2 МЕКЕМЕСІНІҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Әлеуметтік, мысалы - туберкулез. Қазір осы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының көмегімен, өзіміздің күшімізбен ол туберкулез ауруын тоқтаттық. Мысалы, 2018 жылы бізде бұл колонияда 6 науқас туберкулез ауруына шалдығып, қазір 2019 жылдың 1-тоқсанында науқас тіркелген жоқ. Сонымен қатар, туберкулез ауруынан өлім деген соңғы 5 жылда болған жоқ, вообще тоқтаттық»
.
Туберкулезден құтылдық дегенмен, түзету мекемесінің қазіргі бас ауруы - ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емделіп жатқандар болып отыр. Мысалы, 168-2 мекемесінде 200-ге тарта адам тіркеуде түр екен. 
СӘУЛЕ БЕКЕТОВА, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ «КА-168/2 МЕКЕМЕСІНІҢ НАРКОЛОГ ДӘРІГЕРІ: «Олар көбісі есірткіні, алкогольдік ішімдікті қойып кеткісі келеді, бірақ, мүлдем қою өте қиын. Сондықтан да, мысалы, бостандыққа шыққаннан кейін біраз уақыттан кейін қайта есірткіні қабылдап кетеді, ішімдік ішіп кетеді. Соның кесірінен қайтадан қылмыс жасап, қайтып келетіндер бар».
Бірақ, 26 жастағы жазасын өтеуші Артем Бикеев есірткіге құмарлықтан арылып шығатынына сенімді. Жастықпен жаман әдетке үйір болдым дейді. 1 қорап марихуананы алып жатқан жерінен ұсталған. Сөйтіп, 5 жыл арқалап кете барыпты. От басқанын кеш түсінгенін айтады. Мамандығы қаржыгер жігіт бостандыққа шығатынын күнді асыға күтіп жүр. 
АРТЕМ БИКЕЕВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
: "Өзім бұрыннан есірткіге әуес болатынмын. Қате басқанымды кейін түсіндім, соңы осылай болды, темір торға қамалдым. Ендігі арманым - тезірек бостандыққа шығып, анаммен қауышып, адам қатарына қосылу, қызмет ету. Бұл жақта ең бастысы - деніңнің саулығы ғой. Денсаулығың болмай бостандыққа шықсаң, жұрт қатарлы өмір сүру де қиын".
Мұнда жазасын өтеп жатқандардың арасында ауыр қылмыс жасағандары да бар. Сотталғандардың ең үлкені 60-ты алқымдағандар. 
ТАЛҒАТ МОЛДАБЕКОВ, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ: «Наша тартпаймын, учетта жоқпын. Бірінші мәрте болды. Алданып қалдым. Қалай алдандыңыз? Жоңышқа суаруға барамыз деді, басқа жақ болып шықты, наша».
Жазасын өтеушілер бүгін терапевт, хирург, эндокринологтарға қаралып ғана қоймай, ультрадыбыстық, эндоскопиялық құрылғыдан тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Түзету мекемесі енді жылына екі мәрте осындай шара өткізіп тұруды жоспарлап отыр.



Ұқсас тақырыптар