Алматыда суретші Әлімхан Смағұловтың 80-жылдығына арналған көрме өтеді

4.jpg

Атақты суретшіні еске алу көрмесі наурыздың 29 мен сәуірдің 8 аралығында Суретшілер одағының галереясында өтеді.

Көрнекті суретшінің жұмыстары республикалық кітаптарда кеңінен кездеседі. Әсіресе «Ақсауыт» батырлар жырын безендіруде көп тер төккен. Осы еңбегі үшін Бүкілодақтық «Кітап өнері» байқауында арнайы дипломмен марапатталған. 

Кітап өнерін безендіруде өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған суретші (1939-1980) Алматы облысы Жамбыл ауданында өмірге келген.

«Бұл көрме көрнекті график-суретші Әлімхан Смағұловты еске алуға арналып отыр. Біртуар суретшінің шығармашылығын көпшілікке кеңінен таныту үшін әрі келешек ұрпақ оның есімін ұмытпаса екен деген мақсатпен ұйымдастырып отырмыз. Орта буын өкілдері ол кісінің суреттерімен жақсы таныс, өйткені батырлар, салт-дәстүр жөніндегі кітаптың барлығын Ә. Смағұловтың шебер салынған суреттері аша түсетін»,-дейді ҚР Суретшілер одағының хатшысы Жамбыл Нәтбаев.



Ұқсас тақырыптар