Шетелде алаяқтық жасаған жерлестеріміз артуда

6.jpg

Шетелде алаяқтық жасап ұсталған жерлестеріміздің саны артуда. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, өзге елде жазасын өтеп жатқан отандастарымыздың саны мыңнан асқан. Тіпті олардың көбі пәтер, көлік сатумен айналысып, құзырлы органдардың назарына ілініпті. Жалпы мұхит асып, істі болған отандастарымыз тағы қандай қылмыспен ұсталды? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады. 

Еркебұлан Кәкімбеков 10 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Жылжымайтын мүлікпен айналысатын жерлесіміз мұхит асып, үлкен олжаға кенелуді ойлайтын қазақ азаматтары көп екенін жасырмайды. Тіпті жуырда ғана өзі бір бойжеткеннің қармағына ілініпті. Бір құжатты Қазақстанға жібермек болып, әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған. Алайда....
 ЕРКЕБҰЛАН КӘКІМБЕКОВ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТІ:
«Түріне қарасаңыз қазақтың қарапайым қызы. Ойымызда ештеме жоқ. Менің атым Махаббат деп таныстырды. Менің досым  Қазақстанға кетіп бара жатыр, құжаттарыңызды беріп жіберуге болады деді. Біз оған сол төлқұжатты беріп, 40 доллар беріп, документімізді жібердік». 
Бойжеткен сол күйі ізім-ғайым жоғалған. Тіпті құжатты да қайтармапты. Бұл АҚШ-та болған жалғыз ғана факті емес. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, алаяқтықтан бөлек, ауыр қылмыс жасап түрмеге жабылған отандастарымыз да жетерлік.  
ОҢТАЛАП ОҢАЛБАЙ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ, КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Бүгінгі таңда шетелдегі түзету орнында отырған қазақтардың саны 1000 астам. Оның басым бөлігі ТМД, Азия, Африка, Еуропа, Америка елдерінде. Ақшасын беремей кету, оқуға түсіремін деп ақшасын алып кетіп, делдал топтар ғой негізі, жеке менешік орталықтар бар. Құзыретті органдар арқылы шара қолданды». 
Айта кететін бір жәйт осыдан жарты жыл бұрын астаналық азамат АҚШ-та жүріп 34 отандасын шамамен 450 мың долларға алдап кеткен. Ол  Чикагода логистикалық компания ашып, арзанға көлік сатыпты. Алайда, есеп-шотына ақша аударылғанан кейін сол күйі жоғалып кеткен. Бүгінде оның қайда жүргені белгісіз. 
ОҢТАЛАП ОҢАЛБАЙ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ, КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
«Америка құрама штаттарында Верджина штатында біздің бір азаматымыз халықаралық қару тасымалдау деген айыпталып ұсталып, жазасын күтуде. Соттың шешімін күтуде. +0633 Дубай қаласында адам өлтіріп ұрлық жасады деген айыппен Қазақстанның бес азаматы 15 жылға дейін сотталды».
Мамандардың сөзінше, алаяқтарға көбіне студенттер тап болады екен. 
 ЕРКЕБҰЛАН КӘКІМБЕКОВ,  ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК АГЕНТІ:
«Белгілі бір топтар біз сияқты жас студенттерді тауып алып, мынадай ұсыныс жасаған. Біз сіздердің банк аккаунтарыңа мынадай мөлшерде ақша жібереміз, оны бізге бересіздер. Мысалы айтатын болсақ,  мен сенің счетына 20 мың доллар жіберемін. Сен 1000 доллардың өзіңе аласын да, қалғанын 19 мың долларды біз бересің деген алаяқтар көп болған». 
Ұлан Жармұғамбетов те АҚШ-та алаяқтарға алдана жаздапты. Пәтерді бірге жалдап тұрған ең жақын көршісі оған несие рәсімдеуге көмектесетінін айтып, қаржыны бөлісуге уәде берген. Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталыпты.
 ҰЛАН ЖАРМҰХАМЕДОВ, КӘСІПКЕР:
«АҚШ барған кезімде басқа топ өкілдері мені банк операциялары бойынша кредит алғысы келді, менің мойныма. Олардың ойы іске аспады, тұтқындалды. 18 жаста мен көптеген ақпараттарды білмедім, сондай алаяқтарға тап болдым. Ал Еуропада ондай болмады. Себебі біріншіден психологиялық, екіншіден ақпараттық дайын болдым». 
Осылайша, өз жерлестерін тығырыққа тірейтіндердің көбі көлік сатумен, жылжымайтын мүлікпен және өзге де қаржылық алаяқтықпен айналысқан. Мамандар мұндай азаматтарға ақшаны аудармас бұрын міндетті түрде ол жайлы егжей-тегжейлі білуге және де құжаттарын тексеруге кеңес береді. Ал пәтер іздейтіндер міндетті түрде тексерліген компанияға жүгінген дұрыс, дейді. 



Ұқсас тақырыптар