Студенттерге медиасауаттылық керек пе?

IMG_6283.jpg

2019 жылы 3 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті VІ Халықаралық Фараби Оқулары және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігімен ҚазҰУ-дың бірлескен жобасы аясында «Студенттерге медиасауаттылық керек пе?» тақырыбында Халықаралық жастардың Онлайн конференциясы өтті. 

IMG_6266.jpg

Конференцияға М.К Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс Федералдық университеті (Якутск, Ресей), Мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университеті (Коломна қ., Ресей), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары қатысып ғылыми баяндамалар жасады.  Мақсаты – студенттердің медиасауаттылық жайлы білімдерін артыру, медиа білім беру саласындағы тәжірибелермен бөлісу арқылы болашақта жастардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру. Жастарға арналған осы шара аясында «Студенттерге медиасауаттылық қажет пе?», - деген өзекті сауалға Ресей және Қазақстан студенттері өздерінің ғылыми зерттеулері нәтижесінде жауап беруге тырысты. Онлайн конференцияның нәтижесі ретінде журналистика мамандығы бойында «Медиасауаттылық» пәнін таңдау пәні ретінде енгізу және медиа білім беруге ерекше назар аудару қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалды. Қатысушылардың ғылыми тезистері Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясының жинағына жарияланды. 

IMG_6268.jpg

Онлайн платформаға қатысушыла бұл шараның өздері үшін тәжірибелік маңызы және біліми құндылығы жоғары болғанын ерекше атап өтті. Болашақта бұл халықаралық  Онлайн  конференцияны жыл сайын өткізілетін шараға айналдыру ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. 

Конференцияның ұйымдастырушылары филол.ғ.к., доцент, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыс жөніндегі орынбасары Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы және профессор Ибраева Ғалия Жүнісқызы.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар