Шымкенттік дәрігерлер біліктігін арттырды

IMG-20190412-WA0013.jpg

Медициналық қызметкерлердің  ұдайы үздіксіз біліктілін арттыру  отандық денсаулық сақтау саласын дамытудың  басым бағыттарының бірі болып келеді.  Ара – тұра   медициналық қызметкерлердің қателігінен орын алып жатқан жағдайлар  бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың әлі де болса  жеткіліксіздігін  білдіреді.  Осы тұста медициналық қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру   бойынша ұйымдастырылатын оқу курстарына  деген  талаптың жоғарлауы заңдылық.

Сәуір  айында  Шымкент қаласы Шымкент темір жол ауруханасының   70-тен астам мамандары, оның ішінде дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері халықаралық стандарттарға сәйкес BLS (базалық  реанимациялық шаралар ) және АСLS  ( жүректің тоқтауы кезінде және жүрек –қантамыр жүйесінің бұзылыстарында  қарқынды терапия )  курсына қатысып білімдерін шыңдады.  Семинар-тренинг симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы ұйымдастырылды.  Оның ерекшелігі,  қатысушылардың  «науқасты»  құтқару мақсатында жасалған әрбір іс-қимылдарының дұрыс не бұрыстығын арнайы манкендер арқылы бағалап, кем-кетік тұстарына  қатысты   дәрісті тереңдетіп өткізуде.   Арнайы медициналық манекендерді пайдалану арқылы жүргізілетін симуляциялық курстардың маңыздылығы орасан зор,  тренгинг басрысында қатысушылар  өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіріп қана қоймай психологиялық  дайындығын да бір  саралап алады.  Бұл шын мәнінде шұғыл жағдайлар туындау кезінде көмек көрсетуге арналған ең тиімді дайындық түрі.  

IMG-20190412-WA0015.jpg

  Халықаралық стандарттарға  сәйкес жүргізілген  курсты «Астана» оқу-клиникалық орталығының  мамандары  өткізді.   American Heart Association  (AHA) сертификатын алған  жоғары санатты дәрігер-нұсқаушылары бар Орталық    бүгінде  еліміз бойынша  медицинада симуляциялық дәріс беру саласының  көшбасшысы атанған.  «Астана» оқу-клиникалық орталығынан  дәріс алған мамандар  Халықаралық жедел-жәрдем   бригадаларының сайысының жеңімпаздары,  әуеде адам өміріне араша болып жүрген бортсеріктер, Универсиада-2017, Экспо-2018 еріктілері,  еліміздің жетекші медициналық мекемелерінің  мамандары.    Заман талабына сай   білікті  мамандарды  дайындап жүрген орталық  бүгінде өңірлерде   жүргізілетін оқу курстарының  сапасына  жоғары мән беруге шақырады.    Себебі халықтың салулығы,   медициналық  мекемеде  көмек көрсететін мамандардың білім сапасына тікелей байланысты болып келеді.   Сапалы білім алмаған мамандар көмек көрсетудің орнына керісінше науқастың жағдайын одан  әрі нашарлатып жіберуі  ықтимал.  

Әйгерім Қожахмет

 



Ұқсас тақырыптар