Нұр-Сұлтан қаласында «KITAPFEST 2019» кітап фестивалі өтеді

китап.JPG

«KITAP FEST» кітап фестивалі Алматы қаласында 5 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында фестиваль шағын кітап алмасу дәстүрінен қаланың ауқымды мәдени-танымдық іс-шарасына айналып, халықтың ықыласына бөленіп үлгерді. Жыл сайын кітап фестивалі мыңдаған кітапсүйер қауымды, талантты ақын-жазушылар мен табысты блогерлерді, қоғам қайраткерлері мен белсенділерінің басын біріктіреді. 5 жыл ішінде «KITAP FEST» алаңында авторлар мен баспа үйлерінің қатысуымен 130-дан астам кітаптың таныстырылымы өтті, қонақтарға 20 мыңға жуық кітап сыйланды, 70-тен аса кітап дүкені жәрмеңкеге қатысып, 45 блогер өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісті.

Ағымдағы жылы фестиваль тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының кітапсүйер қауымын қуантпақ.  

Іс-шараның өтетін уақыты: 25 тамыз 2019 ж. 10:00-19:00

Іс-шараның өтетін орны: Арбат (Есіл өзенінің жағалауы)

Ұйымдастырушылар: «BAURZHAN» жеке қоры, «ABAYbooks» баспа үйі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қолдауымен.

 «KITAP FEST 2019» аясында өткізілетін іс-шаралар: 

- «IBOOKYOU» кітап алмасу дәстүрі. Бұл - жеке кітапхананы түрлі жанрдағы көптеген қызықты кітаптармен толықтырудың бірден-бір мүмкіндігі.

- Жазушылар алаңы. Отандық жазушылар 2018-2019 жылдары жазған кітаптарының таныстырылымын өткізеді. Шақырылған қонақтар: танымал пианист, Қазақстаннның Халық әртісі Жәния Әубәкірова, Еңбек сіңірген журналист, философия ғылымдарының кандидаты, зерттеуші Зира Наурызбаева, актриса, Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасындағы басты рөлді сомдаушы Альмира Тұрсын, журналист, балаларға арналған ертегілер жинағының авторы Гулжазира Берікқызы, жазушы, продюсер, режиссер, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Айдие Айдарбеков және т.б. 

- «Кітап оффлайн». Бұл жерде оқырмандар қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, пікір көшбасшыларымен, табысты кәсіпкерлермен танысып, кітап тақырыбындағы өзекті мәселелерді талқылай алады. Шақырылған қонақтардың ішінде белгілі блогерлер Өркен Кенжебек,  Айна Досмахамбетқызы және "Jеff Tailor" ерлерге арналған тігін ательесінің иесі Гаухар Өтелбаева, I Book You кітап порталының негізін қалаушы Марина Шарипова бар. 

- Кітап жәрмеңкесі. Кітап дүкендері, баспа үйлер мен интернет дүкендер өз өнімдерінің көрмесін ұсынады. Ұнаған әдебиетті сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. 

- Ақын-жазушылар мен ХХ ғасырдың басындағы оқу үстіндегі қазақтардың сирек фотолары қойылатын архивтік фотосуреттер көрмесі. 

- Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

Ақпарат үшін: «BAURZHAN» жеке қоры әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. «KITAP FEST 2019» оқырман мәдениетін қалыптастыру, жазушылар мен оқырмандарға бірыңғай алаң ұсыну, жастар мен балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру сынды мақсаттарды көздейді.

Жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Қосымша ақпаратты келесі телефон номерлері арқылы алуға болады:

+7 701 529 06 49 (Диана)

+7 747 628 23 04  (Майра)

P.S. БАҚ өкілдерін жағымды тосын сыйлар күтеді.

Ұқсас тақырыптар