Алматыда «Медиа және ақпараттық сауаттылық» атты халықаралық конференция өтеді

3.jpg

2019 жылы 4-5 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің шағын гранттар жобасы аясында «Медиа және ақпараттық сауаттылық» атты халықаралық конференция және семинар-тренинг өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің шағын гранттары жобасы аясында қаржылық қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультеті.

Семинардың негізгі және стратегиялық мақсаты: оқытушылардың, кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру және журналистика факультеті мен кафедраларының студенттерін медиасауаттылық, медиа білім беру саласында оқыту, ақпарат алу әдістерімен танысу және медиамазмұнға сыни қарым-қатынасты дамыту.

      Конференцияның негізгі міндеттеріне сай Қазақстан өңірлерінің журналистика факультеті мен кафедраларының оқытушылары, ғалымдары мен студенттері сандық ортадағы еркіндік пен жауапкершіліктің, медиаэкология мен медиабілім берудің өзекті мәселелерін талқылайды. Сандық индустрияда жұмыс істейтін кәсіби мамандардың шеберлік сыныптары өтеді. Сондай-ақ, медиасауаттылық дағдыларын үйреніп, студенттер арасында өз дәрістері мен семинарларында ақпаратты одан әрі тарату үшін өздерінің кәсіби  деңгейін арттыра алады.

"Медиа және ақпараттық сауаттылық" семинар-тренингінде қатысушылар ақпаратқа деген қажеттілікті табуды, тануды, медиа және басқа да ақпараттық дереккөздердің ақпараттары мен мазмұнын талдауды, ретке келтіруді және мұқият бағалауды үйренеді. Медиа мазмұнды және оны пайдалану нұсқаларын түсіну және ақпаратты сыни бағалау туралы ақпараттар алады. Жаңа және дәстүрлі медиа форматтарды қолдану жайлы талқылайды.

Семинар-тренингтің нәтижесінде қатысушылардың медиасауаттылық бойынша  пилоттық сабақ жоспары әзірленеді, оны өздерінің оқу орындарында өткізе алады. Нәтижесінде  тәжірибе алмасу үшін "Қазақстандағы медиасауаттылық сабақтары" жинағында жарияланатын болады.

 

Семинар-тренингтің тренерлері:

Эрик Фридман-Мичиган университетінің профессоры, АҚШ.

Гүлім Әмірханова, мультимедиа жаттықтырушысы, журналист, редактор, кеңесші және медиатренер, Best-app.ru медиа блогының негізін қалаушы.

Әсел Жанабаева, Factcheck.kz ресурс редакторы. Factcheck.kz ресурсы орыс нұсқасының редакторы және авторы.

Гүлнәр Асанбаева, философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық журналистика және бұқаралық коммуникация департаментінің аға оқытушысы, медиа тренер, Internews-дағы медиасауаттылық жөніндегі жобаның жетекшісі.

Әйгерім Мекишева FactCheck.kz., KazakhstanPressClub журналисі.

Асхат Еркімбай-мультимедиа тренері, Интерньюс Қазақстан қызметкері.

Ұйымдастырушылар:

Ибраева Ғалия Жүнісқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы.

Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі деканның орынбасары.

Қатысушыларды тіркеу сағат 08: 30 басталады.

Басталуы 2019 жылғы 4 қазан, сағат 09: 00-де әл-Фараби кітапханасы, 409-мәжіліс залы.

Тренингке қатысушыларды сертификаттармен марапатталынады.

Байланыс деректері: Қарлыға Мысаева, 8701 325 72 74,  myssayeva.kn@gmail.com,

Ғалия Ибраева, 8 701 222 77 72,  galiya.ibrayeva@gmail.com



Ұқсас тақырыптар