«Медиа және ақпараттық сауаттылық»

2.jpeg

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Медиа және ақпараттық сауаттылық» атты халықаралық конференция және семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің шағын гранттары жобасы аясында қаржылық қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырды.

Халықаралық шарада Қазақстан өңірлерінің журналистика факультеті мен кафедраларының оқытушылары, ғалымдары мен студенттері сандық ортадағы еркіндік пен жауапкершіліктің, медиаэкология мен медиабілім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Сандық индустрияда жұмыс істейтін кәсіби мамандардың шеберлік сыныптары өтті.

1.jpeg

Семинар-тренингтің тренерлері Мичиган университетінің профессоры (АҚШ).Эрик Фридман, мультимедиа жаттықтырушысы, журналист, редактор, кеңесші және медиатренер, Best-app.ru медиа блогының негізін қалаушы Гүлім Әмірханова,Factcheck.kz ресурс редакторы, Factcheck.kz ресурсы орыс нұсқасының редакторы және авторы Әсел Жанабаева, философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық журналистика және бұқаралық коммуникация департаментінің аға оқытушысы, медиа тренер, Internews-дағы медиасауаттылық жөніндегі жобаның жетекшісі Гүлнәр Асанбаева, FactCheck.kz., KazakhstanPressClub журналисі Әйгерім Мекишева, мультимедиа тренері, Интерньюс Қазақстан қызметкері Асхат Еркімбай.

Ұйымдастырушы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі деканның орынбасары Қарлыға Мысаева: «Медиа және ақпараттық сауаттылық» семинар-тренингінде қатысушылар ақпаратқа деген қажеттілікті табуды, тануды, медиа және басқа да ақпараттық дереккөздердің ақпараттары мен мазмұнын талдауды, ретке келтіруді және мұқият бағалауды үйренді. Медиа мазмұнды және оны пайдалану нұсқаларын түсіну және ақпаратты сыни бағалау туралы ақпараттар алды. Жаңа және дәстүрлі медиа форматтарды қолдану жайлы талқылады», - дейді.

Семей, Өскемен қалаларынан университеттер онлай қатысып, Мичигаган университетінің профессоры Эрик Фридман скайпқа шықты.



Ұқсас тақырыптар