Бекболат Исмайлов: Қазіргі бағытпен жүрсек, ұрпақ дүбәра болады

бекболат8.jpg

Қазақ эстрадасында соңғы кездері көрінбей кеткен әнші, «Хан-Тәңірі» тобының экс солисті Бекболат Исмайловпен сұхбаттасқан едік.

– Көгілдір экраннан көрінбей кетуіңіздің себебі неде?

– Ағайынға қорғандай бол дегенді ұстанған жанмын. Жалпы айтқанда үй салып, ағайын-туысқа көмектесіп, жеке шаруашылықтарыммен айналысуыма байланысты аздаған уақытта өнерден  тысқары қалдым.

– Бүгінгі қазақ эстрадасы туралы не айта аласыз?

– Қазақ эстрадасы артқа кетті деп айта алмаймын. Бізде өрлеу бар. Десе де қазақтың  колоритін бұзып, біздің табиғатымызға келмейтін әндерді орындайтын әншілердің саны күн артып өсуде. Одан өзге музыкалық білімі жоқ әншілер көбейіп кетті. 

Ән дегеніміз –  ғасырдан ғасырға, ғұмырдан ғұмырға жалғасуы керек. Қазіргі уақытта бір маусымдық әндер көбейді. Әнді тойға орындаймын деп жаздыру – өнерге жасалған қиянат. 

бекболат5.jpg

– Қазіргі қазақ әндері ұлттық мүддеге қаншалықты қызмет ете алып отыр?

– Біздің санамыздан  ұлшылдығымыз кетіп бара жатыр. Біздің табиғи әндеріміз де оны орындайтын әншілерде баршылық. Бірақ, бағалануы өз деңгейінде емес.

– Өнерде «вид» болу керек, не болмаса хит  болу керек дейді. Сіздің пікіріңіз?

– Өнерге «видтің» қажеті жоқ. Сахнаның өз мәдениеті болады. Ең бірінші ол адамның өнері болуы міндетті. Өнер азаматы болғаннан кейін бірінші Құдайдан, екінші ананың ақ сүтімен келген өнерің болу керек деп ойлаймын. Тектіден текті туады, тектілік жолды қуады дегенді ұмытпағанымыз абзал.

– Қазақ сахнасында шетелдік әннің әуендері мен мәтіндерінің көшірмесі кездесіп жатады. Бұл «Ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүру емес пе?

– Жоқ, «Ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүруі дей алмаймын. Біздің қазақ әндері өзге тілде, өзге мемлекеттеде орындалып жүр. Мысалға Абайдың әндері Лондонда орындалады. Әнді айта алатындай болса, неге орындамасқа?!

Ода тұрған еш нәрсе жоқ.  

Сондай-ақ бұл мәселеде екінші тұрғыда қарасақ, қаражатқа тіреледі. Композиторларымыздың әнін сатып алуға жастардың қалтасы көтермеуі мүмкін. Сол себепті плагиат  амалсыздан жасалынады.

хан-т____¦р¦ Бекболат.jpg

– Ақшасы бар  кей әншілердің ішінде плагитқа құмарларда бар? 

– Иә, ондайларда кездеседі. Ал кей жандардың ақшасы болып тұрып, плагиат орындауын жалқаулығы деуге болар. Себебі, дайын әнді орындауды құп көреді. Басты кедергі – ізденістің төмендігі мен жалқаулық.

– Маман зерттеулері бойынша қазақ эстрадасында орындалып жүрген әндердің 95 % плагиат дейді, бүгінгі ән әлемінде тыңдарманға ән жазатын композитор жоқ па?

– Қазіргі таңда жақсы композиторлар азайды. Санаулы-ақ. Ал санаулылар әр әніне 2-3 мың доллар  қаламақы сұрайды. Оған көп адамның материалдық жағдайы жетпейді. Өнерге жаны ашитын  продюсер некен-саяқ. Ең өкініштісі, біздің елде өнер бағаланбайды. 

Бекболат7.jpg

– Соңғы кездері қазақ әнінің мәтінінде өзге ұлттың сөздері жазылуы, жаргон сөздердің қолданылуы қазақ тілінің жұтылуына әсер етпейді ме?

– Әрине, әсер етеді. Өзге ұлттың сөздерін қолданғанын құптамаймын. Осындай жүрдім-бардым қарайтын кей әншілерге мәдениет саласынан шектеу қойылмауынан біз бүгін осындай жағдайға  жеттік. Цензура жоқ. Әркім ойына келгенін жасайды. 

Біздің ұлттық құндылығымыз ақсап отыр. Домбыра, қобыз секілді аспаптарымыз жетімдіктің күйін кешуде.

Бізде 2-3 акорттық жеңіл желпі нәрселер көбейіп кетті. Халтуршиктердің әсерінен өнердің қадірі жоғалды. Осы әсерлер арқылы халықтың талғамын бұзып жатыр. Неге ондай әншілерді «жұлдыз» санаймыз. Аталған мәселелерді мәдениет басқармасы реттеу керек.  Кімнің дауысы бар, білімі бар соларға ғана сахнада ән айтатын жағдай жасау қажет. 

Сахнаның әні тойда орындалу керек. Ән дегенде бірінші мағына болуы шарт. Осылай жүре берсек, 3 акорттық әндер ғана орындаймыз ба? Онда консерваторияда оқудың не қажеті бар? Не үшін  7 жыл фортепиано сыныбында  оқиды? 

Мына ән эфирде орындалады, мына ән жарамайды деп тексеріп, әр қайсысын бөлу керек. Ал егер қазіргі бағытпен жүре берсек, ұрпақ дүбәра болады. Оны айтатын адам жоқ. Әннің гормониясын бұзу арқылы халықтың талғамын құртады. Әліде кеш емес. Ұлт үшін ән орындап жүрген әншілеріміз баршылық. 

Мәдениет басқармасына таза өнерді түсінетін қазақтарды отырғызу керек. Өз мемлекетімізде фольклорымызды, өз тілімізді насихатамасақ, кім болғанымыз?! 

Бізді әлемге танытатын спорт пен өнер. Қандай жағдайда болсын,  өнерімізді алтын жауһардай сақтауымыз керек. Шын өнердің адамы басшылыққа келген кезде ғана біздің өнер таза болады.

– Өнер мен өмір жолындағы қағидаңыз?

– Өнердегі қағидам – жақсы әндер айтып, артымда қалған іні-бауырларыма  даңғыл соқпақ қалдырып кету. Яғни өнегелі өмір қалыптастыру. Менің айтқан әндерімді кейінгі буын жалғастырса деймін. Ал өмірдегі қағидам –  «Ұрпағыңмен мың жаса» дегендей ұрпақтарым арқылы жақсы із қалдыру. 

бекболат4.jpg

– Сіз үшін бақыттың кілті?

Адам өнерге не басқа сала болсын,  келгеннен кейін адам  өз орнын табу – бір бақыт. Ал келіп тұрып, орнын таппай, мынау менің орным емес екен деп кеткеннің өзі бір бақыт. 

 – Руханиятыңызды немен байытасыз?

– Иманым, сабырым, шүкіршілігіммен байытамын.

– Шығармашылық жоспарыңызбен бөліссеңіз?

– Есті құлақтың жадында сақталатын жаңа әндер жазып, тыңдарман қауымға ұсыну. Одан өзге авторлық күйлерді орындасам деген ниетім бар. 

Сұқбаттасқан Ақтолқын Орысбайқызы

Ұқсас тақырыптар