Индияда марапатталған сарбазға «ел қорғаны» медалі табысталды

IMG-20191111-WA0012.jpg

Қатарынан үш-төрт жыл бойына дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан халықаралық әскер ойындары сегіз мемлекет арасында атап айтқанда Қазақстан,  Ресей,  Беларусия, Армения,  Қытай, Судан сонымен қатар Индия елінің әскерелері арасында тұрақты тұрде өткізіліп келе жатыр. Аталмыш жарысқа қатысу үшін бір жыл бойына ҚР қорғаныс күштері арасында жарыс өткізіліп, тек үздіктерді анықтап шықты. Сайысқа Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің арасында үздік барлаушылар қатысты. Барлығы 30 әскери қызметші, команда құрамына топ командирі, аға барлаушы, сапер, мерген, санитар, оқшашаршы, атқыш, гранатаатқыш, байланысшы, сондай-ақ резервтегі 2 әскери қызметші мен техникалық персонал қатысты. Жарысқа қатысып отырған 8 мемлекет те осал емес еді,  барын салып 5 ші орынды қанағат тұтып қайтты. Десе де әскерде болғандар жақсы түсінеді, барлаушы атқыштардан  бөлек техник мамандары болады. Яғни барлық техникаға жауапты мамандар, міне Қазақстанан "Құрлық әскері құрамынан" Ақжол Қосжанов барып,  Үндістанның  Джайсалмер қаласында  өткен "Арми-2019" халықаралық байқауында техник мамандарының ішіндегі ең үздігі деген марапатты арқалап қайтты. 

20191111_115536.jpg

Сержант Ақжол Қосжанов Құрлық әскерлерінің Әскери институтында қызмет етеді, келер жылы көктемде осы әскер  саласында жүргеніне он жыл болады дейді, бізбен сұқбат барысында.   Ақжол қазірде  курсанттарға әскери техниканың қыр-сырларын үйретіп жүр. "Мен бала кезімде әскери боламын деп ойлаған жоқпын, маған техникамен жұмыс жасаған ұнайтын, әскерге кететін жылы камаз айдап жүрдім. Әскерге бару тіпті ойыма да кірмеген, бірақ әкем әскерге баруымды талап етті, қазірде әкемнің талабына қуанамын, деседе өзім сүйген техникадан алыс кете қоймадым"- дейді Ақжол Қосжанов. 

IMG-20191111-WA0013.jpg

Ақжолдың бұл еңбегін жоғары бағалаған қорғаныс министірлігі  "Ел қорғаны" медалімен марапаттап құттықтады. 

Ал келесі жылдың 2020 жылғы  «Әскери барлау үздіктері» мына мемлекеттер арасында Әзірбайджан, Армения, Беларусь, Иран, Индия, Қазақстан, Қытай, Монғолия, Ресей және Өзбекстан сынды 10 мемлекеттің аумағына өтеді деп жоспарлануда. 



Ұқсас тақырыптар