Педиатрия орталығы меморандумға қол қойды

WhatsApp Image 2019-11-13 at 14.48.23.jpeg

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Бішкек қаласында өтіп жатқан Қазақстанның медицина күндері аясында   Қырғыз республикасының Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығымен және Онкология және гематология ұлттық орталығымен екі жақты әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Бүгін Қырғыз республикасында Қазақстанның медицина күндері басталды.  

Екі күндік шараға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 100-ден астам делегат қатысуда. Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз республикасына ресми сапары қарсаңында өтуде. 

Қырғызстандағы қазақстандық медицина күндері – бұл Қазақстан мен Қырғызстан денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жолында тәжірибе мен біліммен, инновациялар мен технологиялармен алмасуға бағытталған іс-шара. 

Бахрам Ж.jpeg

Меморандум аясында екі ел арасында медициналық көмек көрсетуді арттыру, медициналық туризмді дамыту, медицина қызметкерлер мен дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру және т.б. салалар бойынша екі жақты әріптестік орнатылмақ. 

Шара барысында сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан медициналық ұйымдары арасында 10 меморандумға қол қойылды. 

Сапар барысында қазақстандық мамандар медициналық ұйымдарда азаматтарға тегін кеңес беруді ұйымдастыруды жоспарлауда. Сондай-ақ, іс-шара аясында Қазақстанның озық медициналық ұйымдарының қатысуымен медициналық көрме өтеді. 



Ұқсас тақырыптар