Патриоттық әндер кеші өтті

IMG_0006.JPG

Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып отыр. Еліміздің басты мерекесіне орай, 2019 жылдың 10 желтоқсан күні Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры  Қазақстан Жазушылар Одағының үлкен концерт залында патриоттық әндер мерекелік кешін өткізді.

Кештің арнайы қонақтары ретінде от жүректі, өжет мінезді желтоқсан көтерілісіне қатысушы аға-әпкелеріміз шақырылды.

Концертке эстрада жұлдыздары, атап айтқанда, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Гүлнар Сиқымбаева, Байғали Есенәлиев, республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, жастар сүйіп тыңдайтын «Жебе» тобы, «Салтанат» ән-би ансамблінің әншісі Мейіргүл Нұрмағанбетова және жас талантты әншілер  Жұбай Ғазиз, Сулеймен Шалқар, Салтанат Мырзабаева, Мәлік Алтынай Қонысбеков Қуат, Қыдырмолдаевтар тобы, Қасым Едіге, Аманғазы Кәріпжан, Байтеков Набижан, Даурен Баймырза, әнші, «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Әдия Бұрханова, «Балдаурен», «Гунчилар» топтары  ұлттық-патриоттық шығармаларды орындап, көрермен рухын көтеріп, тамаша сезімге бөледі.

Желтоқсаншы ақындар Аманғазы Кәріпжан, Нәбижан Бәйтековтер жүректерінен шыққан патриоттық өлеңдерін оқып, желтоқсан картинасын көпшіліктің  көз алдына алып келді.

Кешке жиналған жастар рухтанып, ерекше сезіммен тарқасты.





Ұқсас тақырыптар