Кенесары ханның Балсара атты қарындасы болғаны анықталды

1.jpg

Бұл туралы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Рашид Оразов "Национально-освободительное движение казахского народа в конце XVIII – начале ХХ веков" атты архив құжаттарынан тұратын кітаптың тұсаукесерінде айтты. 

Тарихшының айтуынша, бұл кітапқа Ресейдің Санкт-Петербург, Мәскеу, Орынбор, Омбы және Қазақстан Орталық мемлекеттік архивіндегі құжаттар топтастырылып берілген. 

Кейбір дерек Совет үкіметі кезінде белгілі бір жағдайларға байланысты қысқа да, нұсқа берілсе, кейбірі мүлдем жарияланбаған. Соның бірі Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты Орынбор архивінен әкелінген құжат. Біз бұған дейін Кенесары Қасымұлының жалғыз Бопай деген қарындасы болды деп келдік. Ал 1841 жылғы Орынбор архивтерінде сақталған құжаттарда оның Бопайдан басқа Балсара атты қарындасының болғаны айтылады, - дейді тарихшы. 

Сонымен қатар, ол қазақ жеріндегі 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің зардаптарын жоюға байланысты орталық Думадан 11 миллион 151 мың рубль ақша бөлінгені жайлы құжаттар табылғанын жеткізді. 

Оның 6 млн 150 мыңы орыс елді мекендеріне бөлінсе, 5 миллионы қазақ ауылдарына бөлінген. Осы ақшаға байланысты большевиктер мен Алаш зиялыларының арасында тартыс болған. Әркім өз идеясын өткізу үшін қаржыны қажет еткен. Ақшаға талас барысында Шкавский осы қаржының құрбаны болғаны архив құжаттарында айтылады, - дейді Рашид Оразов. 


BAQ.KZ 


Ұқсас тақырыптар