«Рухани жаңғыру» күндері

IMG-20191222-WA0090.jpg

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету»жобасы аясында Нұр-Cұлтан қаласында «Рухани жаңғыру» күндері өтті. Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы орта мектеп оқушыларынан бастап, колледж, жоғарғы оқу орындарында (университет) білім алып жатқан жастар қатысты.  Сондай-ақ Нұр- Сұлтан қаласындағы, мектеп оқытушыларынан бастап,  педагог мамандар, жоғары оқу орындарындағы ғылыми ізденушілер мен профессор, академиктер, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері  «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» жобасы аясында лекторийлер өтіп, кешенді іс-шараларына қатысты.

Атап айтатын болсақ, 2019 жылдың 15 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Қарақалпақ этномәдени орталығының» мүшелері, мектеп оқушыларынан бастап, жоғары лауазымды қызмет ететін Қарақалпақ этно мәдени орталығының 50 ден аса өкілі Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Қазақтану» және «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийін тыңдап, белсенді талқылады. «Қарақалпақ» этно мәдени орталығы аталмыш лекторийлерді тыңдау орны үшін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясының акт залын таңдаған екен.

IMG-20191222-WA0086.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының №22 мектеп-гимназиясында өткен «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийларына осы мектепте білім алып жатқан этнос өкілдерінің 175 жуық оқушылары қатысып, ақпараттанған. Және осы мектепте «Жанашыр» қоғамдық қорының бастамасымен арнайы кітіп бұрышы құрылып, «Буккроссинг» (Кітаптың еркін айналымы) іс шарасын өткізілді. Оған мектептің 30 дан аса оқушысы қатысып, бір-бірімен кітап алмасты.

Мектеп оқушыларынан жоғарылап, колледж студенттерін ақпараттандыруды қолға алған қор қызметкерлері Нұр-Cұлтан қаласы, Кәсіптік техникалық колледжі мен Экономика,Технология және Тағам өндірісін стандарттау колледжінің табалдырығын да аттады. Бұл екі колледждің тәлімгерлерін қоса есептегенде 100 ге жуық студенттер  «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» жобасы аясында «Қазақтану» және «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийларын тыңдады.Екі колледждің студенттері де «Буккросссинг» (Кітаптың еркін айналымы) шарасына қатысып, Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында, бас ақынымыз Абайдың кітаптарынан бастап, бір-бірімен кітап алмастырып, іс шараларға қызығушылықпен белсене қатысты.

2019 жылдың 21 қазанында Нұр-Cұлтан қаласы, Тұран-Астана Университетінің этнос өкілдерінен құралған студенттері де «Жанашыр» қоғамдық қоры өткізген  іс-шаралардан тыс қалмады. «Қазақтану» және «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийлеріне белсене қатысқан жоғары курс студенттеріне әсіресе «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбы бойынша «Ұлы даланың» тұлғалары, олардың географиялық туған жерлерінің қасиеті, Қазақстанның киелі жерлері туралы тақырыптар қызықты болғандықтан да студенттер тарапынан қызығушылықпен қойылған сұрақтар да көп әрі әр тарапты болып жатты.

IMG-20191222-WA0093.jpg

Бұған дейін «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» жобасы аясында Нұр Сұлтан қаласындағы «Достық үйінде» өткен «Қазақтану» және «Өзгерісті өзіңнен баста» лекторийлерін Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан педагогика ғылымы Академиясының академигі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері  Кертаева Қалиябану Махметқызы, «Қазақ этно мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбында, M.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Құрман Несібелі Жәкенқызы, ҚХА мүшесі, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша АХЫСКА түрік этномәдени орталығының төрағасы, қоғам белсендісі Әскер Аллабердіұлы Пириев  «Өзгеріс өзіңнен басталады» тақырыбында лекция оқыды. 

Дарынды қыз балаларға арналған Білім инновация лицей-интернатының жоғары дәрежелі зерттеуші ұстазы Мүбаракова Салтанат Мұратқызы,  Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің PHD докторанттары Абдықұлова Гүлжанар Халитқызы мен Қайыркен Әдиет Балтағұлұлының Қазақстандағы этно бірлестіктерді зерттей отырып жазған, оқыған лекциялары құнды ақпарат, тың тақырыптар еді.

IMG-20191222-WA0094.jpg

Сондай-ақ ҚР Жазушалыр Одағының мүшесі, кинотанушы, ақын Ұларбек Нұрғалымұлының боздақтар туралы айтқан құнды ақпараты мен Тарих ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Еңсепов Бауыржан Бердіқожаұлы «Рухани жаңғыру және ұлы даланың тұлғалары» тақырыбы бойынша жасаған Сартай батыр туралы зерттеу еңбектері тыңдаушылардың лекцияға деген қызығушылығын арттырды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Шартараптағы қазақ қандастарымызға арналған «Алыстағы ағайын» жобасының авторы,  Жазира Амантайқызының «Бес әлеуметтік бастама игі өзгерістердің жалғасы» атты лекциясында және Қарақалпақ этно мәдени орталығының төрағасы Сәлиева Тазабике Әлиқызының баяндамаларында «Бес әлеуметтік реформа», «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыптары жете қамтылды.

«Рухани жаңғыру» жалпы ұлттық жобасының аясында, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбында Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ұйымдастырған кешенді іс шаралар мен лекторийларында Нұр-Cұлтан қаласы этнос өкілдерінің 380 ге жуығы тартылып, ақпараттандырылыпты. Олардың басым бөлігі іс-шаралардың ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысқан.



Ұқсас тақырыптар