Алматыда Елдос Жұмаханов атындағы турнир өтті

IMG-20191223-WA0066.jpg


22 желтоқсан күні Алматы қаласында,  Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, дзюдодан халықаралық  дәрежедегі спорт шебері Жұмаханов Елдостың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Жарысқа  2007-2008 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Елдос Жұмаханов деген кім еді?,  қысқаша тоқтала кетссек,  1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңа-ауылда дүниеге келген.  Бала кезінен спортқа жақын болып осы салада өзінің жетістіктерін әлемге паш етіп келеді. 2010 жылы дзю-до күресінен Қазақстан Республикасының жастар құрамасына қабылданған, 2013 бері жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ересектер құрама командасында.. Спорттағы жетістіктері:

- Қазақстан Республикасының «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері»;

- Әскерилер арасында әлем чемпионы, 2013 ж.,Астана;

- Әлемдік ГранПри жеңімпазы, 2013 ж., Алматы;

- Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2014 ж., Бангкок;

- Европа кубогының күміс жүлдегері, 2015 ж., Польша;

- Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2015 ж., Кувейт;

- Әлем чемпионаты V–орын, 2015 ж., Астана.

- Әлемдік ГранПри, қола жүлдегер, 2016 ж., Алматы;

- Азия біріншілігінің қола жүлдегері, 2016 ж., Ташкент;

- Азия біріншілігі, күміс жүлдегер, 2017 ж., Гонконг;

- Президент кубогының жеңімпазы, 2017 ж., Ақтөбе;

- «Әлемдік шеберлер ТОП-16» турнирі, күміс жүлдегер, 2017 ж., Сант-Петербург;

- Азиада ойындары, қола жүлдегер, 2018 ж., Джакарта;

- Әлемдік ГранПри, күміс жүлдегер, 2019 ж., Будапешт.

IMG-20191223-WA0054.jpg

Аталмыш турнирге, Нұр-Сұлтан қаласынан, Маңғыстау облысынан, Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды облысынан, Қостанай каласынан, Тараз каласынан, Алматы облысынан және Алматы қаласынан жалпы саны 27 команда қатысып, 250 спортшы бақ сынады. Байрақты бәсекеге Елдостың туған жері ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жана-ауылдың балғын дзюдошылары  арнайы келіп қатысты

Алматы қаласы, Жетісу ауданының әкімі, белбеу куресінен «Халық Барысы», қазақ күресінен «Алматы Барысы» Қиқымов Мақсат Сәкенұлы,
Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жұмақанов Елдостың жеке бапкері Қалиев Сейдолла, дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков, дзюдан Еуропа Кубогының  жеңімпазы Оразалин Нұрлан, дзюдодан «Темир Дос» спорт кешенінің аға жаттықтырушысы Аязбеков Дүйсен, Жаңа-ауылдан дзюдо жаттықтырушысы Біржан Көпжасаров сынды азаматтар құрметті қонақтары болды.

IMG-20191223-WA0061.jpg

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1-ші орынға Алматы облысы, Қарасу спорт клубы командасы ие болды.
2-ші орынға  Қараганды облысының командасы табан тіреді.
Жүлделі 3-ші орынмен Алматы қаласының, «Лашын» спорт клубы марапатталды.

Туған жері Жаңа-ауыл спорт залына Елдос Жұмаканов өз атынан 10 кимано сыйға тартты.

Жарыс жеңімпаздарына, медаль, кубоктар,  ақшалай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Осы жарыстың өтуіне ұйытқы болған Жетісу ауданының әкімі Қиқымов Мақсатқа,  жарысқа демеуші болган кәсіпкер азаматтар: Алмас Мұқажан мен Марат Оспанға  Елдостың ата-анасы отбасының атынан алғыс білдірді.

 АИДА ҚОЖМАМБЕТОВА



Ұқсас тақырыптар