Су Орталық Азия елдері арасындағы өзара іскерлік қарым-қатынастың символы ретінде

IMG-20191213-WA0029.jpg

 «Су, сенің дәмің де, түсің де, иісің де жоқ, сені сипаттау мүмкін емес, 

сені танып, білмей-ақ, сенімен рахаттанады... Сен - әлемдегі ең үлкен байлықсың»

Антуан де Сент-Экзюпери


 

«Су – тіршілік негізі», аталған ұғым әлем сияқты ежелден келе жатыр, өйткені, су - Жердегі тіршіліктің басты элементтерінің бірі. Күмәнсіз, су – қалпына келетін ресурс, алайда, өкінішке орай, жақын болашақта әлемде ауыз су тапшылығы болады деп күтілуде. Осы тұжырым әлдебіреудің қиялынан туған нәрсе немесе ықпал етудің белсенді саясатын жүргізудің жаңа мүмкіндігі емес, әр түрлі мемелекеттердің ғалымдары мен сарапшылардың зерттеу нәтижелері болып табылады. Орталық Азия елдерінің көшбасшылары су ресурстарымен қамтудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып, су қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты дипломатиялық қарым-қатынастар орнату бойынша бірқатар мәселелерді жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта әлемде 1,2 миллиард адам қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмайды, ал 2,4 миллиард адамның сәйкес санитариясы жоқ болса, жылына 3 миллион өлім лас суды тұтынудан болып отыр.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон 2007 жылғы бірінші Азия-Тынық мұхиты Су Саммитіндегі өзінің сөзінде атап өткендей,

«... әлемдік даму басымдылықтары сондай, судың құны әрбір ел мен аймақтың орнықты болашағы үшін қажетті мұнай, газ, көмір және өзге ресурстардың бағасынан асып түсуі мүмкін».

 Мұнан өзге Қазақстанның су қауіпсіздігі мәселелері бойынша үкімет сағатында парламент сенатында палата спикері Дариға Назарбаева атап өткендей, су ресурстарын сақтау бойынша жеке мемлекеттік бағдарламасын жасау, сонымен қатар осы саладағы заң бұзушылықтар үшін нақты жауапкершілікті тағайындау керек. 

IMG-20191213-WA0023.jpg

ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша Комитетінің мүшесі Қайрат Қожамжаров су ресурстары саласындағы негізгі мәселелерді атады және Әлемдік ресурстар Институтының зерттеулері бойынша су тапшылығы байқалатын аудандарда шамамен 2 млрд. жуық адам тұратындығын қосып айтты.

«68 мемлекет жоғары су стресін бастан кешіруде, оның ішінде біздің еліміз де бар. География институты республиканың сумен қамтылуының жыл сайынғы төмендеуін атап отыр. Егер 60-жылдары судың қоры 120 текше км құраса, қазір оның мөлшері 101-ге дейін кеміген. 2020 жылға қарай өзен қоры 80 текше км-ге дейін, ал 2030 жылға қарай 72 км-ге дейін төмендейді деп жоспарланып отыр», - деп сөзін жалғады Қайрат Қожамжаров.

Парламенттік тыңдаулардың нәтижесін қорытындылай келе, Д.Назарбаева мемлекетке су ресурстарын сақтап қалу бойынша бағдарламаның керектігін атап айтты. Осы мәселені зерттеу еліміздің ішкі институттарының басым бағыттарының бірі болуы тиіс, әсіресе, бюджетке түсетін салмақты азайтатын су қорын сақтау технологиялары, салымдарды тарту әлеуеті салаларында.

Сонымен қатар Сенат Төрайымы Бюро мүшелерін Сенат материалдары бойынша ең үздік журналистік тексеруге байқаудың және экологиялық журналистика байқауының басталғандығы туралы хабарлады.

«Бұл байқаулардың мақсаты – журналист кәсібінің беделін танымал ету және арттыру, «журналистік тергеу» жанрын жандандыру, Сенаттың қызметі жайлы тұрғындардың хабардар болуын жоғарылату, экология саласындағы заңнаманы жетілдіру, журналистерді ынталандыру», - деді Д. Назарбаева.

Жоғарыда аталғанға сәйкес, 2019 жылдың 13 жетоқсанында Тәжікстан Республикасының Бас консулдығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында орта-азиялық зерттеушілер мен сарапшылардың қатысуымен «Тәжікстан Президентінің ғаламдық мәселелерді шешудегі рөлі: су – тіршілік көзі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

IMG-20191213-WA0043.jpg

Әлемдегі және Орта Азиялық аймақтағы су ресурстарының жоғары маңыздылығын ескере отырып, конференция жұмысы су мәселесінің өзекті ғаламдық және аймақтық аспектілерін талқылауға, сонымен қатар Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның оны шешудегі рөліне қарай бағытталды.

Форумның жұмысында белгілі қазақстандық және шетелдік қоғамдық-саяси қызметкерлер, дипломатиялық қызмет өкілдері мен ғалым-сарапшылар қатысты. Оның ішінде: Властимил САМЕК (БҰҰ Қоғамдыө ақпараттар Департаменті), Барбара Януш-Павлетта («Су ресурстарын интегралданған басқару» магистрлік бағдарламасының жетекшісі, заң ғылымдарының Ph.D, Германия), Жулдыз Журумбетова (Аймақтық гидрология орталығы, Қазақстан), Марат Нарбаев (Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару халықаралық қорының орындаушы дирекция) және т.б. болды.

Философия және саясаттану факультетінің (Масалимова А.Р., Мейрбаев Б.Б.) және география және табиғатты тұтыну факультетінің (Сальников В.Г., Шокпарова Д.К.) кәсіби ұйымдастырушылық қолдауының арқасында конференция белсенді талқылау түрінде табысты өтті. Әсіресе, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі Насимова Г.О. мен докторанттарының белсенді атсалысуын атап өткен жөн.  


 


Хайбуллина Жания,

Философия және саясаттану факультетінің докторанты



Ұқсас тақырыптар