Нұр-Мүбарак университетінің студенттері Түркия елінде білімдерін жалғастыруда

Т__ркияда о__ып жат__ан студенттер 04.02.2020-02.jpg

Нұр-Мүбарак университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің шет мемлекеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Осы бағдарламаны негізге алып, Түркияның  Чорум қаласында орналасқан Хитит университетінде  5 студент білім алуда.

«Исламтану» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының  2019-2020 оқу жылындағы екінші семестрін  жалғастырған студенттерді Хитит университетінің ректоры доктор, профессор Али  Осман Өзтүрік қабылдады.

Т__ркияда о__ып жат__ан студенттер 04.02.2020-01.jpg

Кездесу барысында  «Нұр-Мүбарак» университетінің студенттеріне жетекші Нысаналиев Жандос: «Кішкентай ұшқын алауға айналған бұл бағдарлама Чорум мен Қазақстан арасындағы туыстық байланысты нығайтады», – деп мәлімдей отырып, университет ректоры атынан құттықтаулар мен кәдесыйлар  табыстады.

Т__ркияда о__ып жат__ан студенттер 04.02.2020-03.jpg

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз хатшысы



Ұқсас тақырыптар