Салафит жігіт әйелін ауру баласына қарамастан талақ етіп тастап кетті

1.jpg

Қазіргі уақытта қазақтар ғана емес, орыс отбасыларына да салафизмнің "салқыны" тиіп жатыр. 15 жыл отасқан күйеуі ислам дінін қабылдадым деп салафизм діни ағымына кіріп кетіпті. Өскемендік орыс келіншегінің айтуынша алғашқы некесінен 14 жастағы бір қызы, ал мына "салафит" күйеуінен 5 жастағы тумысынан ауыратын қызы бар екен. Әңгіменің басы күйеуінің интернет арқылы бір қауымдастыққа кіріп, сол жерден ислам діні туралы қызығып үйренуден басталыпты. Осылайша ол әйелі мен қызына православ дінінен шығып исламды қабылдауды бұйырады. "Три основы" "Четыре правила" деген кітапшаларды күшпен оқытуға тырысады. Ал діннен шығуға бас тартқан әйеліне түрлі қоқан-лоқы жасап, тастап кетемін деп қорқытыпты. Әйелінің ата-анасын кәпірлер деп, олармен араласуға мүлдем тыйым салады. Қызы мен әйеліне хиджап киіп жүруді талап етіп, дүкенге, көшеге үйден рұқсатсыз шықпауды қатаң бұйрады. Ақыры оның бұндай негізсіз талаптарына келіспеген әйелді ауру қызымен қосып талақ тастап, өзінен 17 жас кіші қызбен некесін қидырып кете барыпты. Тіпті әйелі мен ауру қызына көмектесуді де міндет деп санамайды екен. Әйелінің айтуынша әйелі мен балалары мұсылман болмаса оларға көмектесу харам болады деп түсінеді екен. Міне салафизм ағымын ұстанушылардың осындай бет-бейнелері күннен күнге ашылып келеді.

Ермек Құрманғалиев. 

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығы.



Ұқсас тақырыптар