Ойқарағайға барғанда

fe91127c-b75f-481c-8c4e-e1a3499db7a8.jpg

Ақпан айының 20-21 жұлдызында Алматы облысы, Талғар ауданы «Ой – Қарағай» тау шаңғы кешенінде «Jetisu winter media» спорттық медиакоммуникация шарасы өтуде. Аталған бастаманың жүзеге асуына мұрындық болған Алматы облысы ішкі саясат басқармасы, «Jetisy Media» КММ-сі.    

5e4486a2-03c8-42b2-8d4d-5e4c98863344.jpg          

         

Шараға Жергілікті атқарушы билік өкілдері, аймақтық баспасөз қызметінің басшылары мен қызметкерлері, PR компаниялары мен БАҚ, PR-менеджерлер, SMM мамандары, маркетологтар, блогерлер, Өңірлік комуникация қызметінен мамандар шақырылған. БАҚ өкілдері тау-шаңғы кешенінде екі күн бойы қысқы спорт түрлерінен сайысқа түсіп, тәжірибе алмасып, «Жетісу: не? Қайда? Қашан?» тақырыбында «Mi Battle» интеллектуалдық ойынында білім бәсекесін туындатып, "Ғаламторда және әлеуметтік желілерде пиар-міндеттерді шешу үшін алға жылжу стратегиясын құру, контент қандай болуы және оның көмегімен аудиторияны қалай тарту, өсіру және ұстап тұру керек» тақырыбында Workshop өткізеді. Соңғы күні барлық сайыстың қорытындысы шығып жеңімпаздарға лайықты марапаттары табыс етіледі.


fae219bf-2b1f-4957-81bb-14e597bf4f9f.jpg



Ұқсас тақырыптар