Жыл басынан бері балаға қатысты 402 зорлық дерегі тіркелген

5.jpg


Зорлық-зомбылықтың 70 пайызы жәбірленушінің жақындары мен айналасындағы адамдармен жасалады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Министр жиын барысында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалатын қылмыс азаймай тұрғанын айтты.

Жыл басынан бері сексуалды зорлық-зомбылық қатысты жаза күшейтілді. Педофилия, балаларға қатысты жасалатын қылмыс үшін 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру енгізілді. Дегенмен полиция жұмысын күшейткенімен бұл мәселені шешу мүмкін емес. Зорлық-зомбылықтың 70 пайызы жәбірленушінің жақындары мен айналасындағы адамдармен жасалады. Оның ішінде әке, өгей әке, шешесімен бірге тұрып жатқан азаматтармен, көрші және жақын таныс, туыстармен жасалады,-деді ол.

Оның айтуынша, кейде мұндай қылмыстар жылдар бойына жалғасатын көрінеді.

Құрбан болғандар мен туыстары оны сыртқа айтудан бас тартып, өз іштерінде шешуді жөн санайды. Жыл басынан бері кәмелет жасына толмағандарға қатысты 879 қылмыс жасалған. Оның 402-сі сексуалды зорлық. Мұндай әр жағдай баланың трагедиясы, тағдырына кері әсер етеді,-деді министр.

Сонымен қатар, ол  кәмелет жасына толмағандар арасындағы суицид жағдайы да үлкен мәселе болып отырғанын айтты.

Жыл басынан бері 58 бала өз өмірімен қоштасқан және тағы 138-сі өміріне қол сұғуға талпынған. Суицид жағдайының тең жартысы еліміздегі төтенше жағдай кезінде орын алған. Яғни, олардың проблемасы бірінші кезекте отбасындағы жағдаймен байланысты болған. Қазір әлеуметтік желіде балалар құқығын қорғау мәселесі белсенді көтерілуде. Алайда олар құр ұраннан ары аса алмай отыр. Осы жағдайды пайдалана отырып балалар құқығын көтеру мәселесімен айналысып жүрген ҮЕҰ-ды отбасының рөлі жөніндегі институтты қалыптасрыуға көңіл бөлуге шақырамын,-деді Ерлан Тұрғымбаев.

BAQ.KZ



Ұқсас тақырыптар