Шетелдік ғалымдар тәжірибесімен бөлісті

7.jpg


«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Коронавирустық инфекция тақырыбында бірқатар вебинарлар өткізді. Вебинарларға денсаулық сақтау жүйесінің шамамен 1000-ға жуық қызметкері қатысты.   

Бүкіл әлемнің дәрігерлері мен ғалымдары коронавирус індетін қалай тоқтатып, сырқаттанған адамдарды қалай емдеу керектігімен арпаласып келе жатыр. Індет басталғалы бері төрт ай өткенімен, оны емдеудің бірауыздан қабылданған тиімді тәсілі әлі жоқ. Тәжірибелерді жалпылап, ең алғы практикалар туралы білу үшін «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдарының қауымдастығының қолдауымен ЖОО-ның халықаралық серіктестерімен бірлесіп вебинарлар топтамасын өткізіп шықты.  

         Қытай, Германия, Испания, Греция және Израильдің белгілі ғалымдары қазақстандық әріптестерімен COVID-19 күресу бойынша өз практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Спикер ретінде сөз сөйледі: Шэньчжэнь университетінің Ғылым және денсаулық орталығы директорының орынбасары Xinchun Chen, Шэньчжэнь университетінің Ғылым және денсаулық орталығы жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің профессоры Dongsheng Hu және Шэньчжэнь қаласының Үшінші халықтық ауруханасының директоры Zhang Zheng (Қытай), денсаулық сақтау саласындағы экономист, денсаулық сақтауды басқару каталондық қоғамының академиялық директоры, ДДҰ кеңесшісі Тино Марти мырза (Испания), Ғылымдар магистрі, PhD, Доктор Koupidis Sotirios (Греция), Медицина докторы, Профессор Керим Мутиг (Германия) және The Golden Age House   медициналық кешенінің бас директоры Элла Мюллер, Тель-Авив (Израиль).

Мамандар инфекцияның ерекшеліктерін талқылап, Еуропа тәжірибесінің негізінде коронавирустың биологиялық ғылыми мәртебесі туралы айтты, қоғамдық денсаулық сақтау секторы және денсаулық сақтау жүйесі үшін алған тәжірибесімен бөлісті. Испаниядағы әріптестер індеттің олардың елінде медициналық қызмет етуге тигізген ықпалы жайында айтып берді. Қытай ғалымдары Covid-19 алдын алу және бақылау шаралары мен стратегиясын көрсетті.  The Golden Age House медициналық кешенінің бас директоры Элла Мюллер эпидемия жағдайындағы аурухана менеджменті жөнінде айтты.  

Вебинар жазбалары «ҚДСЖМ» ҚМУ сайтында және «ҚДСЖМ» ҚМУ ресми  YouTube арнасында сақталған.  Алдағы уақытта өтетін  вебинарлардың  анонсы  біздің телеграм-каналда жарияланады:@kmuksph

         Бұдан бұрын, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Шэньчжэнь қаласының Денсаулық сақтау комитетімен және «Бір белбеу, бір жол» Қауымдастығымен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚХР серіктестерімен бірлесіп, біздің қытай әріптестеріміздің қауіпті инфекциямен күресуінің практикалық тәжірибесінде негізделген «Коронавирустық инфекцияның өршуінің алдын алу және омен күресу бойынша басшылық» құжатын әзірлегенін айтып өту керек.



Ұқсас тақырыптар