Ақтөбеде дәрігердің науқастарды неліктен қабылдамағаны белгілі болды

1.jpeg


Бірнеше күн бұрын желіде Ақтөбе ауруханасына жеткізілген науқастарды қабылдамай жатқан видео тараған еді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов осы іске қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдайтын орын жеткілікті. Дәрігерлер науқастарды қабылдау бойынша 1536 адамдық орын әзірлеген. Оның 226-сы инфекциялық, 780-ы провизорлық, 500-і карантиндік. Бұл орындарда қазір орын жетіспеушілігі жоқ көрінеді. Инфекциялық аурухананың - 50%, провизорлық мекеменің - 65%, карантиндік орынның - 57% бос.

Әкім орынбасары ауруханада орын бола тұра жеткізілген науқастарды неліктен қабылдамағанын түсіндіріп өтті.

Коронавирус жұқтырғандар стационарда жатыр, одан бөлек пневмониямен ауырғандар саны соңғы аптада күрт өсті. Бүгінгі таңда пневмониямен түскен 360 адам ем қабылдауда. Олар үшін Қарғалы және темір жол ауруханасынан орын берілген, сол жерде қабылдайды. Дегенмен, тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері бойынша ауруханаға барғысы келеді. Сол себепті теміржол ауруханасына адамдар көптеп барып, ол жерде белгіленген орыннан асып кеткен.  Науқастарды басқа жерге жіберу бойынша наразылықтар болды. Ол бойынша тиісті шаралар жүргізілді, дәрігерлерден түсініктеме алынды. Оларды да түсінуге болады, ем жасаймыз деп күн-түнге қарамай жұмыс істеді. Тіптен 3 айдан бері үйлерін көрместен жатақханада тұрып жұмыс істеп жатыр, - деді Нұржауған Қалауов.

BAQ.KZ


Ұқсас тақырыптар