«Қорғас» ШЫХО: өзгеріске қарай бағыт

 ¦Ф¦¬¦-¦-TГTЕ¦-¦-¦¦¦+ ¦Р¦-TБ¦-TВTВ¦-TА¦-¦-.png 

 

 

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы – әлемде трансшекаралық ынтымақтастық жолға қойылған жалғыз жоба

 2005 жылы құрылған «Қорғас» орталығы шекара маңында сауда дамуының алаңына айналды. Мемлекетаралық жобаның мақсаты трансұлттық компанияларды тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекары маңындағы сауда көлемін өсіру болды. Тұтастай алғанда, бірегей жоба бизнесті жүргізу, инвестицияларды тарту және туристерге қолайлы жағдай жасауға бағытталды.

2019 жылы компанияда айтарлықтай өзгерістер жасалды: акциялардың 100% пакеті мемлекеттен Алматы облысының коммуналдық меншігіне берілді.  Акционерлік қоғамына Басқарушы компания (АЭА БК) мәртебесін беру  –инвесторлар және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен заңнамамен қарастырылған жеңілдіктерді ұсыну арқылы жаңа шарттарда келісімшарттар жасауға мүмкіндік берді.

Алайда 2020 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметін сынға алып, орталықтың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін және 2025 жылға дейінгі сауда саясатының нақты бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Осы жылдың ақпан айында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына жаңа төраға тағайындалды. Бұл қызметке осыған дейін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы басшылығында болған Дінмұхамед Әбсаттаров келді.

Бірегей  «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметін дұрыс арнаға салуда қандай жұмыстар атқарылғаны жайында Әбсаттаров Дінмұхамед Болатұлы бізге берген сұхбатында әңгімеледі.

 -Дінмұхамед Болатұлы, жаңа қызметке кірісерде бірінші кезекте нені қолға алдыңыз?

 -Бірінші кезекте ситуативті талдау жүргіздік, соның нәтижесінде шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мықты және осал тұстарын белгілеп алдық. Талдау нәтижесінде орталық дамуының негізгі бағыттарын анықтап, инвестицияларды тарту және туризмді дамытуға басымдық бердік. Осы тармақтар арнайы экономикалық аймақтың даму стратегиясына мұрындық болды. Атқарылған шара қызметтер мен тауарлар экспорты дамуына мультипликативті әсер беретініне сенімдімін.

  Екінші бағыт – «Қорғас» орталығының клиентке бағдарланған компания ретінде қалыптасуына, үшінші – инженерлік инфрақұрылымның дамуына назар аударылды. Арнайы экономикалық аймақтың логистикалық мүмкіндіктері – оның  ҚХР мен Оңтүстік-Шығыс Азияны – Орта Азия, Каспий теңізі және Еуропа елдерімен байланыстырып тұрған еуразиялық трансконтинентальді көпір іспетті болған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі маңында орналасқанын ескерсек, бұл өте жақсы артықшылықтар.

 -Келушілер мен туристердің көбі, тіпті Мемлекет басшысы да орталық дамуының жолға қойылмағанын атап өтуде. Бұл жөнінде ойыңыз қандай?

  -Иә, расымен, Мемлекет басшысы жыл басында шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметі туралы сын айтып, тиісті тапсырма берген болатын. Қазіргі кезде біз командамызбен осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз.

 «Қорғас» ШЫХО жобасын іске асыруда қазақстандық тараппен салыстырғанда бастапқы жағдай қытай тарапынан айтарлықтай тиімді болғанын атап өткім келеді. «Қорғас» орталығының Қытай бөлігі инженерлік және көлік инфрақұрылымы сол кездегі 90 мың тұрғыны бар Қорғас қаласының бұрыннан бар инфрақұрылымының негізінде құрылған.

 IMG_6843.JPG

   

Қазақстан бөлігінің инфрақұрылымы болса түбегейлі «таза парактан» салынды. Қорғас орталығын толық немесе ішанара қамтамасыз ете алатындай жақын маңда инженерлік инфрақұрылымның көздері мен ірі объектілердің болмауына байланысты қуаттылығы 120 МВт жылу қазандығы, электр қосалқы станциясы, су жинау нысандары мен кәріз тазалау нысандары салынып, сыртқы және ішкі кіреберіс жолдары жүргізілді. 

  Бұдан бөлек, «Қорғас» орталығының батыс жағындағы ағып жатқан селге қауіпті Қорғас өзенінің жақын орналасуына байланысты өңірдің төтенше жағдай департаменті орталықтың бүкіл аумағы бойы селден сақтау және жағалауды нығайту бойынша жұмысты жүргізіп жатыр.

 -Пандемия салдары халықаралық орталықтың жұмысына қалай әсер етті?

 - Бұл фактор да кері әсерін тигізбей қоймады. Пандемия салдарынан арнайы экономикалық аймақ бес айдан астам уақыт жұмыс істемеді, осындай жайт кірісті тоқтатып, сәйкесінше даму қарқынына кедергі келтірді.

  Алайда, қаржыландырудың болмауына қарамастан, біз инфрақұрылым объектілерін күту бойынша жұмысты жалғастрып отырмыз, жекелеген жаңарту жұмыстарын да жүргіздік.

  Жоғары айтып өткенімдей, ситуативтік талдау және технологиялық аудит жүргізілді. Нәтижесінде қазіргі таңда «Арнайы экономикалық аймақ аумағын цифрландыру» жүргізіліп жатыр.  Бұл ауқымды шара барлық бизнес-процестерді оңтайландырып, инвесторлар, туристер, сондай-ақ АЭА қызметін қаматамасыз ететін органдарға оң әсер етпек.

  Біріншіден, қолайлылық пен бастапқы қызметтер мен ақпаратты алу үшін «Қорғас» ШЫХО сайты жаңартылды, жуық арада онлайн консультациялар алу үшін call-орталық іске қосылады. Компанияның бүкіл құжат айналымы оңтайландырылып, электронды форматқа ауыстырылды.

 «Қорғас» орталығы қызметінде кіру және шығу кезінде бақылау-өткізу пунктінен өту процесінде орын алған проблемалар айтарлықтай кедергі болғаны баршаға мәлім. Осы мәселелерді алып тастау үшін өткізудің автоматтандырылған жүйелерін орналастыру, сондай-ақ жеке тұлғадан багажды бөлу жолға қойылуда, мұның бәрі өткізу пунктінен өту уақытын қысқартады.

 Билеттер бойынша өткізу режимі процесінің өзі  келушілердің көңілінен шығады: егер осыған дейін сатып алу үшін жеке куәліктің болуы сұралып, ал кіру-шығу билеттің штрих-коды арқылы жүзеге асырылған болса, енді билеттің өзін ресми сайттар арқылы онлайн сатып алуға болады, сонымен қатар басқа да алаңдар қаралуда. Сондай-ақ, енді келушілер багажды қолмен алып жүрмейтін болады, жүкті багаж қабылдау пунктіне өткізсе болғаны. Билет құнына 25 келіге дейінгі багажды алып жүру енгізілген.

Орталық ғимараты жөндеуден өтіп, орталыққа қарасты аумақ абаттандырылды: еденнің беткі қабаты ауыстырылды, шыны жақтаулардағы торлар алынып тасталды, орталық аумағындағы қоршаулар ауыстырылды, ғимараттың ішінде ауа кондициялау жүйесі жаңартылды.

 IMG_6910.JPG

  

Енді орталыққа келушілерге паспортттық және кедендік бақылауды жалпыға белгіленген режимде өтуге немесе қолайлы жағдай қарастырылған бизнес-терминал арқылы өту бойынша таңдау беріледі. Бизнес-терминалды іске қосу бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 -Әңгімеңізге рахмет!

 

 Айта кетелік, «Қорғас» ШЫХО ақылы қызмет көрсету, инфрақұрылым объектілерін, жер телімдерін, ғимараттар мен нысандарды мүліктік жалға беру және қосалқы жалгерліктен кіріске, және жарғылық капиталды толықтыруға аударылған қаражат есебінен қаржыландырылады.

  Өмірбаяны:

 Әбсаттаров Дінмұхамед Болатұлы 1978 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «инженер-мұнайшы» мамандығымен тәмамдады. Үйленген, үш баланың әкесі.

 Қызмет жолын 2001 жылы «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ экономикалық жоспарлау бөлімінде экономист болып бастады. Кейін Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының инспекторы және кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, Қызылорда облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі болды.

2006 жылы  ҚР Көлік және коммуникация министрлігі көлік жолдары комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының орынбасары қызметіне ауысты, ары қарай Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 2012 жылы Дінмұхамед Әбсаттаров «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарушы директор басқарма мүшесі болды. Бір жылдан соң Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына басшылық етті.

 Кейінгі жылдары «Атамекен» ҰКП Өңірлік даму департаментінің директоры- басқарушы директор, 2015 жылы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының өңірлік мәселелер бойынша кеңесшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП Тамақ өнеркәсібі және АӨК Комитеті хатшылығы хатшысының орынбасары, ҰКП Тамақ өнеркәсібі және АӨК департаменті директорының орынбасары болды. 

 «Атамекен» ҚР ҰКП ШОБ дамыту департаменті, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына жетекшілік етті. «Қорғас» орталығына басшы болғанға дейін – Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болды.

 

 

 



Ұқсас тақырыптар