Қытай миссионерлік әдебиеті

4.jpg


ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қытай миссионерлік әдебиеті және «коммунизм желі»

Аңдатпа: Бұл мақаламызда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қытай әдебиетінің жаңару себептері қарастырылады. Мың жылдықтарда қалыптасқан дәстүрлі қытай классикалық әдебиетінің мүлде жаңа бейнеге ауысуы, миссионерлік бағыттағы 160-тан астам кітаптың қытай тілінде сөйлеуі, қытайдың идеологиясын тас-талқан етіп, қаламгерлердің, зиялы қауымның өз ұлтының құндылықтарына үрке қарауы, соның негізінде қалыптасқан жаңа әдебиет, сонымен бірге Ресейдегі «қазан төңкерісін» көзімен көрген Ли Дажаудың 8 мақаласы «жаңа жастар» журналында жарияланып, Қытайда «коммунизм» желін соқтырып коммунистерді қалыптастырса, 1919 жылғы 4 мамыр отаншылдық қозғалысы қытай әдебиетін түбірінен жаңартқаны сөз болады.

Қытай миссионерлік әдебиетінің басталуы Қытайдың Циң империясының (清仁宗嘉庆1796) Жия Чиң патшасының алғашқы жылынан (清宣宗道光) Дау Гаң патшаның 20-жылына дейінгі (Апиын соғысы туылғанға дейін) ширек ғасырда Қытайдың феодалдық қоғамы гүлдеуден құлдырауға бет алды. (乾隆) Чиян Лоң патшаның соңғы жылдары, ел құлдыраудың ең төменгі шегіне жетті. Алайда буржуазия табының күшейіп, феодалдық хандықты құлатып тастайтын деңгейге жеткен жоқ, сондықтан да әдебиетте алғабасар демократиялық идеяны бейнелейтін шығармалар болмады. Әліде феодализмдік иделогиялық формация үстем болды. /1,402бет/

1807 жылы Қытайдың Гуаңжоу қаласында «Инжіл»-ді қытай тіліне аударды, сонымен бірге қытайша түсіндірме сөздігі баспадан бірге шығып, ел ішіне кең көлемде тарады. Бұл уағыз-насихат жұмыстарды ағылшындық «Ост-Индия» компаниясының аудармашылары атқарды, Лондон протестанттық миссионерлік қоғамының мүшесі Роберт Моррисон белсенді жұмыс жасады. /2,188бет/

1840 жылғы апиын соғысынан кейін, Қытайда протестанттық миссионерлік ұйымдардың саны күрт өсті. Бұл христан діни миссионерлерінің Қытайға төртінші реткі үлкен көлемде дін тарату ісі болды. /2,187бет/

1860-1867 жылдары 48 протестанттық миссионерлік ұйым ашылды. Бұлардың 90 пайызы Англия мен АҚШ-тан келгендер болды. 1860 жылдың  соңында 20 ағылшын миссионерлік ұйым жұмысын бастады. Моррсонн көрнекті шәкіртінің бірі, Йельс медициналық метебінің түлегі Питер Паркер 1838 жылы Гуаңдұңда офтольмологиялық клиникасын ашты./3,211бет /

Цин династиясының Гуаң Шүй光绪 патша кезінде 1875 жылы Қытайдан 120 студент шетел асып батыс мәдениетін, ғылымын игере бастады. Ендігі кезекте миссионерлер мен шетелде оқыған қытай студенттері батыс кітаптарын жан сала аударуға кірісті. Осылай қытайдың дәстүрлі мәдениеті соққыға ұшырап, тоқырау күйінде болды, қытайлардың ойлау, дүние танымында өзгеріс пайда болды. Яан Фу严复 (1854-1921) бастаған шетелде оқыған аудармашылар англиялық ойшылдар Thomas Henry Huxley-тың «天演论Біртіндеп даму теориясы»,Adam Smith-тың  «原富Ұлттар байлығы»,John Stuart Mill-дың  «群已权界论Топтық салмақты теория»,John Stuart Mill-дың  «穆勒名学Логика жүйесі»,William Stanley Jevons-тың  «名学浅说Логикалық логика», «社会通诠Саясат тарихы»,«法意Әлеуметтануды зерттеу» қатарлы  бірталай  батыс кітаптарын аударды. 

Лин Шу林纾 (1852-1924), Alexandre Dumas.fils-тың«茶花女Камелия ханымы» атты романды аударып елді елең еткізді. Жалпы осылай 160-тан астам шығарма қытай тіліне аударылды. Әсіресе «天演论 біртіндеп даму теориясы» қытай халқының санасында төңкеріс жасады.  Бірнеше мың жылдық тарихқа ие  Күң Зының (Конфуцийдің) «Ру Жия» ағымы өздігінен әлсіреді. Демек, бұл қытай қоғамының астан-кестеңін шығарып, әдебиетті жаңартып, қытайларды өз түбірінен алыстатты./4/

Осылай Қытайдың үш мың жылдық жазба классикалық дәстүрлі әдебиеті тұйыққа тіреліп, басқа шыт жаңа күйге өтіп, батыстық құндылықтармен суарылған жаңа әдебиетке еріксіз өзгере бастады.

Жаңа қытай әдебиетінің басталу кезеңі (1898-1916). Бұл кездегі қытай әдебиетінің тілі түсініксіз болды. Кейін «Бай Хуа 白话» қозғалысы қытай тілін аздап тазартты. 1895 жылдың қысында Лиң Чичау梁启超(1873-1929), Шия Сыңю қатарлы қаламгерлер Бейжіңде бас қосып, өлеңді жаңарту мәселесін талқылады. Бұнда олар шеттен кірген кірме сөзден өлеңді тазарту жағын баса айтты. 1890 жылы жазылған 黄遵宪Хуаң Зунчиян(1848-1905) аузымнан не шықса соны жазамын деп ең алғашқы болып еркін өлең жазуды дәріптеді, оның «今别离 бүгін қоштаспа » атты өлеңі ең алғашқы жаңа өлең үлгісі саналады.

1902 жылы Лияң Чүйчау Жапонияда «жаңа проза» журналын ашып 42 сан шығарды, жаңаша проза жазудың жолын жан-жақтылы көрсетті. Осыдан кейінгі жеті жылда әдеби журналдардың саны 20-ға жуықтады. Барлығыда жаңа демократиялық бағытты ұстанды. Бұның арты мәдениет реформасына ұласып, қытай қоғамы жаңара бастады. Уаң Гоүй王国维(1877-1927) жаңа заман әдебиет теориясын қалыптастырды. Артынша «көбелек прозалық» тобы және «сенбі күн прозалық» топтары құрылып шығарма жаза бастады.  1911 жылы  Чиң Хай төңкерісі қытайдың бірнеше мыңдаған жылдарға жалғасқан феодалдық түзімін тас-талқан етті.

1913 жылы қытай уақытша үкіметі Жуң Хуа минго білім министірлігі барша қытайлық фонетика мамандарын жинап үлкен бас қосу жасады, онда олар иероглифтердің оқылуын бірлікке келтіру мәселесін жан-жақты талқылады. Лиң Чүйчау-дың «жаңа демократия» деген ұранымен әдебиетте заманауилық бағыт көрініс берді. Осы кездерде Қытайда үлкен-үлкен саяси өзгерістер пайда болды, әдебиет реформасы жүргізіліп Лияң Чүйчау «өз ұлтының өзгін қайта табу, батыс философиясына тойтарыс беру» қозғалысын бастап, өз ұлтын құтқару жұмысын жүргізді. . /4,88-92бет/

         1914 жылдан кейін көтерілген Қытай буржуазиясы мен өсіп келе жатқан пролетариатқа түгелдей жаңа формадағы әдебиет қажет болады.

陈独秀1915 жылы қыркүйекте «Жаңа жастар» журналы өз оқырманын тапты. Батыстың философиялық ойларын аударып, елге батыстық демократия мен батыстың қоғамдық ой-санасын, құндылықтарын енгізуді дәріптеді. Осылайша зиялы қауым көңілінен шықты.  1917 жылы胡适Ху Шы «Жаңа жастар» журналына бас мақала жазды және осы арқылы «жаңа әдебиеттік бағытты» ұсынды.

Нақтырақ айтқанда, осы мақалада әдебиетке 8 түрлі бағыт ұсынды:

Жаңа заман әдебиетін жазуда прототип дегенді негізге алу керек;

Көне заман адамдарын дәріптеуді қою керек, тарихи тұлғаға еліктеудің еш қажеті жоқ;

Әдебиеттің өз тілін табу керек, әдеби этикаға жат емес тілді таңдау;

Бір-бірімізге сын айтқанда жау көзқараспен емес, достық тұрғыдан қарауымыз керек;

Жаттанды, мылжың сөздерді қолданбау керек, мағыналы әрі санаға қонымды сөз табуы керек;

Ескі, көне, өлі иероглифтерді қолданыстан шығару керек;

Идиома және сол сияқты қиындатылған тіркестен аулақ болып, олардың орнын жеңіл тіркестер басуы керек;

Қорытындылай келе, 2 түрлі тоқтамға келді:

Әдебиет мазмұн мен формадан тұруы тиіс. Мұнда әдеби тіл басты орында тұруы керек деді. «Ескі жазуды күшінен қалдырып, жалпыхалықтық白话文- ға көшуді ұсынды. Бұл ақын Ху Шының әдебиетке енгізілуі тиіс болған сегізінші бағыты. 1917 жылы ақпан айында陈独秀 «Әдебиет реформасының теориясы» атты мақаласын жазды. Мұнда ол әдебиетке 3 түрлі идея, реформа ұсынды. 

«Жалтақтап, қорқақтап, тапсырыспен шенеуніктерге арнап шығарма жазуды біржолата жояйық» деді./4/

1917 жылғы қазан қоғамдық революциясы қытай интеллигенциясын дүр сілкіндірді, қытайға қазан революциясынан басталып «коммунизм желі»共产主义风 есті. Бұл әдеби революция кезеңі, сонымен қатар марксизм-ленинизмнің қытайға келу кезеңі болды. Марксизм-ленинизм еңбектері Қытайда үлкен сұранысқа ие бола бастады.

Марксизм – ленинизм ... қытайлар ақиқат жолын тапты, марксизмді олар орыстардың қолдануы практикасынан соң иеленді ».

          Коммунисттік идеяны қытайға алғаш таратушы - Пекин университетінің профессоры, қытайда Коммунисттік партияның негізін салушылардың бірі, «4 мамыр» қозғалысы мен әдебиет революциясының белсенді қатысушысы Ли Дажау李大钊 болды. /5.55-58/. Сол   кездегі қытайдағы басты басылым жаңа жасатр 新青年 журналына ( бұл журнал қытайдағы  зиялыларды, ұлтшылдарды, байларды жанына жинай білген Чын Душудың 1915 жыл ашқан басылымы) 1916 жылы қыркүйекте Ли Дажаудың «Қытайдағы ұлттық революцияға марксисттік көзқарасым», «Қазіргі тарихи ғылымындағы тарихи материализмнің орны» «Маркс және Ι Интернационал », «Қазан революциясы және қытай халқы», «Халық жеңісі», «Большевизм жеңісі», «Жер және шаруашылық» атты мақалалары бірінен кейін бірі жариялады. Қытайда марксизм – ленинизмнің таралуына тікелей себепкер болды. /1.55-58/.  Ол жастарды өткен мен байланысын үзіп, ескі шіріген ғылымды жойып, оған батыл тойтарыс беріп, қараңғыдан алшақтап, жарыққа ұмтылуға шақырды. ''Қарапайым халықтың жеңісі'' атты мақаласында ол Қазан революциясы бұл – әлем революциясының бірінші қадамы деп жазды. ''Большевизм жеңісі'' атты мақаласында Қазан революциясын большевиктік идеяның жеңісі - әлемдегі барлық жұмысшыларының жеңісі деп қарастырды. Оның көптеген жазбалары қытай қоғамын ''4 мамыр қозғалысына'' дайындады.

Атақты мәдениет қайраткері, Қытай Коммунистік партиясы басшыларының бірі Чүй Чюбай, И.В. Сталиннің «Ленинизм негіздері жайлы» еңбегін алғаш рет қытай тіліне аударады. Ақын Қу Шы胡适қытайға марксизмді таратуға қарсы болады. 1919 жылы  Қу Шы ''每周评论'' журналында ''Принцип жайлы аз сөйлеп, мәселені көп зерттеу керек'' атты мақаласын шығарды. Ол осы мақаласында саяси теорияның мәні төмендететін, Қытай интеллигенциясының назарын марксизм-ленинизм идеясына бас тартуға шақырды. Кейін, ол коммунисттік идеялар мен социалисттік идеяға қарсы шықты. Алайда сол кездері жаңа мәдениет революциясы мен марксизм идеясын қабылдау қозғалысына жақтаушылар, ''4 мамыр қозғалысынан'' кейін, марксизмді зерттейтін қоғам құрылды. 1920 жылы мамырда 上海Шаңхай、天津Тиянжин、南京Нанжиң、武Ухан және тағы басқа қалаларда марксистік үйірмелерді көптеп құрды. /6.85-91/.

Байхуа-ны қолданысқа енгізу ұсынысы 1919жылы  ''4 мамыр қозғалысында'' көтерілді. Онда ''ғылым мен демократияны'' насихаттаудан марксизмді насихаттауға пайдалы деген кезде, қарсылық көрсетушілер бірден өздерінің наразылығын білдірді. Алайда жастардың басым бөлегі сол кездегі феодализмге қарсы бағытты ұстанып, оған қатты мән бермеді. Жас интеллигенттер феодалдық және империалисттік күштер жағынан күштеуге тап болды. ''4 мамыр қозғалысына'' дейін,  жастар антифеодалдық, буржуазиялық реформатор жастар мен революцияның демократиялық бағытындағы жастар болып екіге бөлінді. /7.158-165/. Деседе жастардың арасын бір нәрсе ұстап тұрды, ол қытай классикалық романдары болды, сонымен бірге әлемдік әдебиет өкілдері Байрон, Ибсен, Тагор, Диккенс, Уайлд қатарлы жазушылардың шығармалары осы екі бағыттағы жастарды байланыстырды. Деседе ресейдегі қазан төңкерісінің әсері қытайды жаңашылдыққа сүйреді, тек мәдени революция емес, сонымен қатар сол кезең, қоғамның, әдебиеттің  жаңаруын қажет етті. Жаңашылдық батыстың лебімен қытайға келді, кітапхана сөрелері батыс классиктерінің туындыларына тола бастады.  /8.103-105/.

 Буржуазиялық интеллигенция арқылы,  қытай жазушысы鲁迅мен айналасында топтасқан революциялық жастар, әдеби революциялық  ұранды тастап, олар әдебиет пен ескі феодалдық компрадор және чиновниктік бюрократияға қарсы шықты. Олардың әдеби майдандағы күресі Қытай жастарының құрметіне ие болды. Әдеби революцияға көптеген әдеби мектептер, ағымдар мен топтарды қалыптастырды. Олар идеологиялық бояуы бойынша әр түрлі ағымдар түрлі қоғамдық топтардың көзқарасын жырлады.

Жаңа қытай прозасының басын 1916 жылы маусым айында 陈衡哲Чын Хыңжы (1890-1976) атты Хунән өлкесінің жазушысы «Ша Фи» деген қалам атпен жазған қытай жаңа заман әдебиетіндегі ең алғашқы Бай Хуа тілімен  жазылғын «Бір күн» атты әңгімесінде Америкадағы студенттердің бір күндік өмірін өте тамаша суреттеген. Бұл жазушы ел есінде таныс емес, ол кісінің «себезгілеген жаңбыр» атты әңгімелер жинағы да бар.

1918 жылы «Жаңа жастар» журналы редакциясы  李大钊 Ли Дажау,  刘半农 ЛюБанноң, 胡适 Ху Шы, 周作人Жоу Зорын, 鲁迅 ЛуШүн,  徐志摩 Шүй Жымо және т.б қатарлы жазушылармен толықты. Осылайша «Жаңа жастар» журналы  сол жылдың 18 мамырында白话халықтық тілге көшті.  Ең алғаш Лу Шүнның 4-ші, 5-ші сандарында халықтық тілде «狂人日Есалаңның естелігі», «孔乙已  Күң Ижи»,«  Дәрі»атты әңгімелері жарияланды. 

Бүкіл Қытай қоғамындағы зиялы қауым бұл шығарманы өте жақсы бағалады. Осы журнал төңірегінде 3 түрлі зиялылар: коммунист зиялылар, байлар – аристократтық зиялылар, сонымен қатар буржуазиялық зиялылар келді.

«Жаңа жастар» журналы «кісілік құқық, теңдік, еркіндік» деп ұрандатумен болды. Дәл осы зиялылар 1919 жылы 4 мамыр күні жастарды 天安门-ға алып шықты. Олар империалистік қимылды жойып, жаңа мәдениетпен әдеби төңкерісті жандандыруды алға тартты. Осыдан бастап, Қытай әдебиеті мен мәдениеті пролетаризмнің қажеті үшін жұмыс жасау керек деген демократия мен кісілік құндылықтар мәселелерін көтерді. Артынша жаңа әдеби ұйымдар, газет – журналдар арт-артынан жарық көрді./4/

1920 жылы  наурыз айында Ху Шы қытай жаңа заман әдебиет тарихындағы алғашқы «尝试集сынау, байқау» атты жыр жинағын жарыққа шығарды. Бұл жаңа стилде жазылған өлең, басқа ақындарды тамсандырды, осыдан кейін Жоу Зорын, Каң Байчиң(1896-1958), Лю Дабай (1880-1932) қатарлы ақындар жаңаша өлең жаза бастады.1919 жылы Го Мороның «Самұрық жыры», «Қарақшының әні» қатарлы жаңа өлеңдері оқырманға жол тартты. 1920 жылы «Жаңа өлең жинақтары» деген кітап баспадан шықты, бұған Ху Шы, Лю Банноң, Жоу Зорын, Каң Байчиң, Го Моро қатарлы 15 ақынның 102 өлеңі енді. 1922 жылы Үй Пиңбоның «Қысқы кеш» Каң Байчиңның «Шөптер» атты жыр жинақтары жаңа өлең үлгісімен жазылды, осылай «尝试集сынау, байқау» атты әдеби ағымы қалыптасты./5/

1917-1927 жылдарда батыс әдебиетін аудару ағымы қалыптасты, отандық поэмалар, эсселер, әңгімелер мен бір актілі пьесалар ''жаңа мәнерде'' жазылды. Жаңа әдебиеттегі екі басты бағыты пайда болды. Бұл реалистік және романтикалық бағыт, Қытайдағы қазіргі әдебиеттің даму тарихында негізгі рөл атқарды. Оның ең басты өкілі Лу Шүн, Го Моролар болды. Лу Шүн  қарапайым халық өмірінен жазуды алға тартты. Жаңа бағыт – реалистік, яғни шыншылдық бағыттағы әдебиетті қалыптастыруымыз тиіс деді. Романтикалық бағыттағы әдеби топтың аты «Тапқырлау» деп аталды. Бұл топ 1921 жылы Шаңхайда құрылып, басшысы Го Моро тағайындалды. «Тапқырлау» тобының мүшелері қалған феодалдық идеология мен дидактизмге қарсы күресіп, жаңа әдебиетті құрды. «Тапқырлау» тобының мүшелеріне  әскери романтизм тән болды. ''Әдебиетті зерттеу қоғамы'' секілді «Тапқырлау» тобы басқарушы таптың езгісіне қарсы күресті. Осы екі әдеби топтардың мүшелері арасындағы арпалысты – пікір-сайыстарды, әдеби көркем-өнердегі реалистік және романтикалық ағымдарды көруге болады.

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап қытай әдебитінде Бай  Хуа 白话-ны  негіз еткен жаңа қытай әдебиеті қалыптаса бастады, Ун Ян文言-ды негіз еткен көне қытай әдебиеті де болды.

1931жылы  құрылған солқанат жазушылар одағы, 1947жылы жазушылар одағы болып өзгерді. 1949 жылдан кейін қытайда өте үлкен саяси өзгеріс болып, сол жылы бірнші реткі жазушылар құрлытай өтті, 1953 жылы екінші реткі жазушылар құрлытайы өтті, осылай әдебиет жұмысшы, диқан, әскерилер әдебиеті болуға құлшынды, қытай әдебиеті бір жүйеге бағынды, бір жоспармен жүретін әдебиетке айналды. Демек қызыл әдебиттің негізін қалады, саяси бірінші, әдебиет екінші деген көзқарас орнады. Әдебиет тек саясаттың ғана сойылын соқты. Қытайда комунизім желі гуілей соқты. Артынша қытайда мәдениет төңкерісі басталды.

1956 жылдың 26 мамырында Мау Зыдұң «жалпы жарыса үн қатсын, барлық гүлдер шешек атсын» деп ұран тастаған соң барлығы қаламгер жарыса жазды. 1957жылы Мау тағы да «халықтың ішкі қайшылығын дұрыс шешу керек»деген баяндамасынан кейін әдебиет қайта тоқырады. Алайда керісінше «қызыл түсті» әдебиет жақсы дамыды. Лияң Бин(1914-1996) мен Ло Гуаңбин(1924-1967)қатарлы жазушылар «Қызыл ту», «Қызыл жартас», «Яан анды қорғау», «Қызыл күн», «Ли хай қарлы алқабы», «Жастық шақ жыры» қатарлы атақты  романдар жазылды.  Осы кезде «山药蛋派»атты әдеби ағым қалыптасты, оның ту ұстаушылары Ма Пың, Ху Жыңдар болды. Бұлар «火花» атты журнал шығарды. Осы топтағы атақты жазушы Жау Шулидың «екі қара домалақтың үйленуі»атақты әңгімесін және «三里湾»романын жазды. Бұл топтағылар қарапайым ауыз екі тілід қолдануды дәрәптеді.

1962жылы қыркүйекте Мау Зыдұң: біз таптық көзқарасты жойуымыз керек, философия, тарих, экономика, әдебиет барлығы өз-өзіне сын өрістету керек деді. Әдебиет  астаң-кестең болып көне әдебиетін сынау кезеңі басталды, айтсақ: Үй Пиңбо «қызыл сарайдағы түс» романына сынады. Бір-біріне сын жүргізу идеясы дұрыс ортаға қойылсада, бұл қимыл стиқияли  көр соқырлыққа ұласты, осылай сынның арты төңкеріске айналды, Ху Пың сияқты жазушылар 24 жыл бойы кері төңкерісші делініп түрмеде отырды. /4.118-125/.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.    中国社会科学院文学研究协会主编。中国古典文学史,北京人民文学出版社。1985

2.    王军孟宪凤编著。世界宗教与文化简史,北京,经济日出版社。20046月。

3.    Н.А. Алдабек., А.Ә. Түргенбай. Қытай діндерінің тарихы.  Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2017 жыл

4.    Нұрхалық.Абдырақын. Жаңа заман қытай әдебиеті. Оқу құралы.Алматы: Қазақ университеті, 2013 жыл

5.    大学语文导读徐绍建主编-武汉:武汉大学出版社 2003

6.    曹万生主编,中国现代汉语文学史。2010.-756

7.    主编。中国现当代学(上册)北京高等教育出版社»,-1986-376

8.    王自立主编,中国当代学(上册)// 北京: «高等教育出版社», -2006.-180

 

 

Нұрхалық Абдырақын PhDдоктор, и.о, доцент.



Ұқсас тақырыптар