Балалардың жақсы естуіне, түсінуіне және сөйлеуіне қалай көмектесу керек

¦Я¦¦TА¦¦¦+¦-TЗ¦- ¦-¦-¦-TАTГ¦+¦-¦-¦-¦-¦¬TП.png


TOMATIS-терапия әдісі астаналық № 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне келетін айрықша балаларының жақсы естуіне, түсінуіне және сөйлеуін көмектесті. №1 ППТК-не TOMATIS Talks Up аппаратын алып беріп және осы кабинеттің түзетуші педагогын Мәскеуде оқыту арқылы қолдау көрсетуді «АЯЛА» қайырымдылық қоры «КАТКО» және «Қамқор Менеджмент» компанияларының 2019 жылы Астана Марафонына корпоративтік қатысуынан түскен қаражат есебінен жүзеге асырды.  

TOMATIS-терапия әдісі 75 елде 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Ол дұрыс естуді қалпына келтіру мүмкіндігін көтеріп, мидың дыбыстық сенсорлық жолдауға неғұрлым мұқият болуына көмектеседі. Бұл ми болжай алмайтын күтпеген өзгерістерді шоғырландыру арқылы жүреді. Сонымен қатар ол есте сақтау және назар аудару проблемасы болған, эмоцияның бұзылуы, оқу проблемасы кезінде көмектеседі және айрықша балалардың қозғалыс үйлесімділігін және денесін басқаруын едәуір жақсартады. 

TOMATIS әдісі бойынша 25 минут ішінде бала арнайы құлаққап киіп, өзіне қызықты қызмет түрлерімен айналысады: арт-терапия, құм терапиясы элементтері, әртүрлі ойын практикалары қолданылады. 

¦Э¦- ¦¬¦-¦-TПTВ¦¬¦¬ TБ  ¦-¦-¦-TЛ¦- ¦-¦-¦-TАTГ¦+¦-¦-¦-¦-¦¬¦¦¦-.png

TOMATIS әдісінің практикалық пайдасын Нұр-Сұлтан қаласының «№ 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры Бақыт Бекболатқызы Амрина атап өтті: «Біз логопедтермен, психологтармен тығыз өзара әрекеттесіп жұмыс істейміз және TOMATIS-терапия бірінші сабақтан-ақ нәтиже бере бастағанын байқадық. Басқа әдістемелермен салыстырғанда онда дербес тәсіл қолданылады, компьютерге байланыстырылмайды, қандай да бір арнайы жағдайлар жасау талап етілмейді».

Бұл әдіс бойынша бір бағдарлама курсы 14 күнді құрайды. Сабақ кезінде маман баланы қадағалайды және өзгерістерін белгілеп отырады. Бұл ретте балалар екінші сабақтан бастап әрекет реттілігін сақтай отырып кабинетке қуанып кіреді (кіреді, амандасады, құлаққап киеді және үстел басына отырады). Сабақтың аяқталуы хабарланған кезде бала құлаққабын шештіру үшін педагогқа келеді және қоштасып, кабинеттен шығады. Кейбір балалар музыка қосылған сабақта тіпті билей бастайды.

Жақсы өзгерістерді ата-аналары да айтуда: балалар алғашқы дыбыстар мен сөздерді айта бастады, ынталылық жоғарылады, зейін қою жақсарды, нұсқаулықты түсіне бастады. 

¦Я¦¦TА¦¦¦+¦-TЗ¦- ¦-¦¬¦¬¦-TА¦-TВ¦- TOMATIS .png

Эмоциялық-қатысымдық дамуы тежелген және сөйлемейтін Әлиардың үшінші сабақтан кейін-ақ  көзбен түйісуі жақсарды, неғұрлым тілалғыш болып, қарапайым нұсқаулықтарды түсінуі және орындауы жақсарды, ересектермен қарым-қатынас орната бастады, эмоциялық ықыластылық байқала, ол алғашқы дыбыстарды айта алатын болды. Психикалық дамуы тежелген және жалпы сөйлеу қабілеті 2-ші деңгейде жетілмеген Роман алтыншы сабақтан жаңа сөздер айта бастады, ол өз ойын неғұрлым анық айтып, сөйлем құрастырып, өзі туралы әңгілемей алатын болды. Әлтайыр мүлдем сөлемейтін, 14 сабақтан кейін педагогпен қарым-қатынасы жақсарды, ол сөйлей бастады – алдымен сыбырлап, ал содан кейін біртіндеп дауысын шығарып айта бастады. Семенның сөйлеу және мінез-құлық проблемалары болған, TOMATIS әдісі бойынша айналысудың арқасында мінез-құлқында жақсы динамика байқала бастады, ол орнықты бала болды, ал үйде өз ойын толық сөйлемдермен айта бастады. 

«Біздің балаларымыз және олардың дамуында болған жағымды өзгерістер бұл әдістің тиімділігін растап отыр. Сондықтан мен «АЯЛА» қайырымдылық қорына, «KATKO» және «Қамқор Менеджмент» компанияларына осы тамаша жабдық үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл айрықша білім беруге мұқтаж балалардың бұзылуын түзету үшін маңызды және қажетті құрал», - дейді Бақыт Бекболатқызы.  

TOMATIS-терапия әдісі арқылы №1 ППТК-де 14 бала өтті, тағы 8 балаға осы терапиядан өту диагнозы қойылды. Ал барлығы бұл кабинеттен дамуы әртүрлі бұзылған және айрықша білім беруге мұқтаж 850 бала жыл сайын оңалтудан өтеді.

«Біздің қор «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасын 10 жылдан астам уақыттан бері іске асырып келеді. Осы уақыт ішінде біз Қазақстанның қалалары мен кенттеріндегі 25 түзетуші мектеп-интернаттарға және 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне арнайы дамытушы жабдықтар, соның ішінде 5 Монтессори бөлмелеріне және 19 сенсорлық бөлмелерге жабдықтар орнаттық. Біз тиімді TOMATIS әдістемесіне былтыр қызығып, оны дереу Астана Марафоны үшін жоба ретінде ұсындық. Бұл әдісті қолданудың осындай қысқа мерзімі ішінде Қазақстанда расталған жағымды нәтижелер беруі мені қатты қуантып отыр. Әзірге TOMATIS елімізде айрықша білім беруге мұқтаж балаларды дамытумен айналысатын 40-тан астам ППТК-нің біреуінде ғана бар. Бұл әдістеменің басқа қалаларда қолжетімді болуы үшін Birgemiz.kz порталында қаражат жинап жатырмыз. Сондықтан мен бүкіл қазақстандықтарды осы жобаға жәрдем беруге және айрықша балаларға қамқорлық жасауға күшімізді біріктіруге шақырамын», - дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.  



Ұқсас тақырыптар