Қуат Хамитов жеңіске жетті (видео)

6.jpg


Аралас жекпе-жектен Мәскеуде өтіп жатқан FN Global 98 турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов ингушетиялық Ахмадхан Боковпен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Қарсыластар бірінші раундтың басында бірін бірі аңдып баққан. Қуат кезегін күте жүріп, шабуылға шықты. Сондай сәттердің бірінде қарсыласыныңаяғына өткен «Найман» Боковтың арқасына кенеше жабысып, тұншықтыра берді. Қанша жерден тырысып баққанымен Хамитовтың шеңгелінен шыға алмаған ингуш спортшысы жеңілгенін мойындады.

Қуат Хамитов жекпе-жек соңында жеңісін өмірден озған Жақсылық Үшкемпіровке арнады.



Ұқсас тақырыптар