Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері ұсталды

8b5c010db4dcdbb58fe2014999036b65.png


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден ақша бопсалаған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі тергеу департаменті алдау және сенімін пайдалану арқылы өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері ретінде таныстыра отырып, кәсіпкерден 30 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Алматы тұрғынын ұстады, - делінген ҚР ҚМ ҚМК хабарламасында.

Жедел-тергеу іс-шарасы нәтижесінде алаяқ ақша қаражатын алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталып, қылмысын мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында, құқық бұзушы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері екендігі,  2017 жылы пара алғаны үшін сотталып және теріс уәжпен ЭТҚ босатылғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.



Ұқсас тақырыптар