Сақтандыру секторы пандемияға қарамастан жедел қарқынмен өсуде

1-05.02.18.jpg


Сектордың инвестициялық қызметтен түскен кірістері 2020 жылдың сегіз айында 40,5 млрд теңгеге өсті, ал сақтандыру қызметінен түскен кірістер 29,0 млрд теңгеге ұлғайды.

Сектордың таза пайдасының 40% - ы «Еуразия» СК-на тиесілі»

Пандемияға байланысты халықты алыстату шараларына қарамастан, төлемдер көлемі өткен жылы дерлік деңгейде қалды.

Сектор үшін өсу нүктесі өмірді сақтандыру болып қала береді. 2020 жылы ӨСК-на барлық сектор активтерінің өсуінің жартысына жуығы тиесілі. Жыл басынан бері сектор активтеріндегі ӨСК үлесі 20,0% - дан 25,8% - ға дейін ұлғайды.

Сақтандыру сыйлықақыларының көлемі ерікті сақтандыру түрлері бойынша өсті, бірақ міндетті сақтандыру бойынша аздап төмендеді.

Кезеңнің қысқаша нәтижелері

Ағымдағы жылы бүкіл ел бойынша енгізілген халықты алыстату жөніндегі шараларға қарамастан, Қазақстанның сақтандыру секторы үдемелі өсуді жалғастыруда. Мәселен, 2020 жылдың сегіз айында сектор активтері 18,2%-ға, 1 426,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте секторда шоғырланудың ұлғаюы байқалады. Мәселен, Топ-3 компанияға жыл басында сектордың 48,3% активтері тиесілі болса,  соңғы 8 ай ішінде бұл көрсеткіш 48,5%-ға дейін өсті.

image002.png


Сектор үшін өсу нүктесі өмірді сақтандыру болып қала береді. 2020 жылы ӨСК-на барлық сектор активтерінің өсуінің жартысына жуығы тиесілі. Жыл басынан бері сектор активтеріндегі ӨСК үлесі 20,0%-дан 25,8%-ға дейін ұлғайды Сондай – ақ, сектор активтерінің өсуінің төрттен бір бөлігінен астамы «Nomad Life» ӨСК-на тиесілі. Комания активтері 8 ай ішінде 80,3 млрд теңге өсіп, 200,9 млрд теңгеге құрап отыр.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 370,1 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде  339,9 млрд теңге жиналған болатын.

Ерікті сақтандыру бойынша өсім байқалады, бірақ міндетті сақтандыру түрлері бойынша сыйлықақылар көлемі аздап төмендеді. Бұл ретте таза сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 5,9% - ға немесе 16,8 млрд теңгеге, 301,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Ағымдағы жылдың сегіз айында сақтандыру төлемдерінің сомасы106,4 млрд теңгені құрады. Алдыңғы жылдың 8 айымен салыстырғанда бұл сома 0,4 млрд теңгеге кем. Сақтандыру төлемдерінің таза сомасы 8,3%-ға, 60,5 млрд теңгеге дейін азайды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың сегіз айында сектордың таза пайдасы 88,0 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,6 млрд теңгеге немесе 71,2%-ға жоғары. Бұл ретте сектордың ROAA көрсеткіші 4,7%-дан 6,7%-ға дейін, ал ROAE көрсеткіші 10,4%-дан 14,7%-ға дейін жақсарды. Сектордың рентабельділік көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруы инвестициялық қызметтен түсетін пайданың ұлғаюымен байланысты. Мәселен, 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында сектордың инвестициялық қызметтен түскен кірістері 88,9 млрд теңгені құрады, 2019 жылдың бастапқы 8 айында бұл сома 48,4 млрд теңгені құраған болатын.

«Еуразия» СК-на сектордың барлық таза табысының 38,2%-ы тиесілі. Сома 2019 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 63,9%-ға өсті, бірақ үлесі 1,7%-ға төмендеді. Бұл ретте компанияның сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы 8,3%-ға 72,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал сақтандыру төлемдерінің таза сомасы 27,8% - ға 14,6 млрд теңгеге дейін төмендеді.



Ұқсас тақырыптар