Нұр-Мүбарактың студенті «Абай әлемі» фестивалінің ақтық кезеңіне жолдама алды

f1d43ee2-56a3-4e61-ae55-8295b303b012.jpg


Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында әдеби-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту, ұлтымыздың мақтанышы,  ғұлама  ойшыл хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын жастар арасында  кеңінен насихаттау мақсатында ҚР  Білім және ғылым министрлігінің тікелей басшылығымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде онлайн форматта «Абай әлемі»  жалпыұлттық  студенттік өнер фестивалінің  іріктеу кезеңі өтті.

Байқау барысында қазылар алқасының шешімі бойынша Абайдың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігімен,  сөз мағынасына мән беруімен, сахна мәдениетін сай өнер көрсетуіне байланысты «Дінтану» мамандығында оқитын 3 курс студенті Жақсылық Хибадатқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «Абай әлемі»  жалпыұлттық  студенттік өнер фестивалінің ақтық кезеңіне  жолдама берілді.



Ұқсас тақырыптар