Қазақстанда төрелік бизнеске қысым жасау құралына айналуда

2.jpg


Алматыда тұрақты жұмыс істейтін 12 төрелік қызмет атқарады, олардың қызметі "Төрелік туралы" заңмен реттелген. Заңда төрелік арқылы іс қарау  деген тараптар еркінің автономиясын, заңдылық, тәуелсіздік және әділеттілік қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырылады, деп бекітілген.

Алайда, Қазақстанда жеке қолға берілген төреліктердің қызметі іс жүзінде жиі жағдайда бизнеске қысым жасау құралы ретінде  пайдаланылуда.

Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, бес арбитраждың, оның ішінде "Әділет  арбитражы","Арбитраж ЕФ",  "Алматы арбитражы", "Алматы арбитраждық соты" және "Алма-Ата  арбитраждық  сотының"  қосылма  белгілері бар және   олар  өз ара тікелей байланысқан, олардың  сондай-ақ болашақта керекті  шешімге ие болатын қуыным иесімен де  байланыстары бар, түптеп келгенде, бұл арбитраждар  іс жүзінде белгілі бір тұлғалар тобына "қызмет көрсететін" "қалталы"  төреліктер болып табылады.

Әңгіме арасында  қуыным жасаушылар бұл  арбитраждардың    өздерін қолдап шығатындарын  ашық айтады, ал полиция және прокуратура органдарымен арада қалыптасқан  байланыс оларды  тіпті күшейте түскен.  Арбитраждар автономды  және тәуелсіз болуы керек, өйткені олар  келіспеушіліктерді шешуге бағытталған  маңызды әлеуметтік функцияны  орындайды, оның ішінде  ең алдымен бизнес ортадағы келіспеушіліктерді шешуге тиіс.

Кәсіпкерлерге қысым  көрсету схемасы келесідей:

1. шарт бойынша анағұрлым күшті жақ (жалға беруші, кредитор, тапсырыс беруші) екінші тәуелді тарапқа (жалға алушы, қарыз алушы, орындаушы) төрелік ескертпені міндеттейді, онсыз шарт жасалмайды, деген дәлелдер келтіреді;

2. тәуелді тарапқа қысым жасау үшін нақты негіздер іздестіріледі, оның ішінде  - жалға алу  ақысын көбейту, қарызды мерзімінен бұрын өтету;

3. тәуелді тарап жағдайын нашарлататын шарттарды қабылдамаған жағдайда-төрелікке қуыным беріледі;

4. төрелік шешімді өтініш берушінің пайдасына шығарады.

Арбитраждардың едәуір бөлігі теріс пайдаланушылыққа  жол ашып,   көлеңкеде қалып отырады. "Төрелік туралы" заңда белгіленген нормаларға қарамастан,   мұндай "қалталы" төреліктер Қазақстан Республикасының заңнамасын және  көпшілік үшін белгіленген тәртіпті елемей, ойларына келгенді істейді- істі  жүргізу қағидаларын өз бетінше  белгілейді, мысалы, екінші тараптың пікірін ескермей өз қалауы бойынша төрешілерді тағайындайды, тізілімдерді жүргізбейді, регламентті нақты  бір істің мүдделеріне орай өзгерте салады, өтініш берушімен байланыс болған кезде істерді қарайды, зардап шеккен тараптың дәлелдерін қабылдамайды.

Серік Нұрлихин, адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі:

"Қазіргі жағдай қоғамның  тұтас алғанда арбитраж институтына деген сенімін әлсіретеді. Шын мәнінде бұл  жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін бүгінде бәрі бар: арнайы заң, Арбитраждық палата және сот фильтры. Сонда не жетпейді?

Тұрақты түрде  жұмыс істейтін барлық төреліктерді  мүше ретінде қосу арқылы Төрелік палатаның рөлі мен беделін күшейту қажет деп санаймыз.

Төрешілер заңнаманы білетіндігін дәлелдеп, аттестаттациялаудан өтуі тиіс деп санаймыз, ол үшін  профильді заңға тиісті толықтырулар енгізу қажет. Бұл мәселеде Арбитражды палатаның бастамашы болуы шарт".

Құқық қорғау органдары  арбитражды теріс пайдалану туралы өтініштерді, арыздар мен шағымдарды  зейін қойып қарауы керек.

Өткен жылдың соңында БАҚ-да  "Әділет" халықаралық төрелік сотына" сот өкілеттігінің заңсыз берілгендігі туралы, сондай-ақ  прокуратура органдарының оның заңсыз шешімдерінің күшін жою және осы төрелікті мәжбүрлеп тарату арқылы қызметіне тойтарыс бергендігі жөнінде  ақпарат шыққан болатын.

Роман БОТАБЕКОВ,  "Атамекен" ҰКП мүшесі:

"Дәл осы   арбитраждағы заңсыз әрекеттердің  анықталуы- айсбергтің бір  ұшы ғана, деуге болады,  бүгінгі күнде бізде қалыптасқан жағдайдағы  бақылаусыз  "қалталы" арбитраждар   заңдарды елемейді  және бизнесті жою құралы ретінде қызмет етеді, басқаша айтар болсақ,  "рейдерлікке" ықпал етеді.

Оның үстіне, бұл арбитраждардың көпшілігі Төрелік палатада жоқ және онда мүше  болғысы да  келмейді. Сонымен қатар, өкінішке орай, көп жағдайда прокуратура органдары да, соттар да бұған қарсы болғысы келмейді немесе заңнамалық шектеулерге, болмаса  жеке тұлғалардың тікелей мүдделеріне  байланысты  оларға қарсы тұра алмайды,  Басқаша айтар болсақ, біздің арбитраждарымыз заңсыз шешімдер қабылдауда мүлдем еркін және бұл үшін ешқандай жауапты емес.

Отандық арбитраждарға қатысты қалыптасқан қазіргі жағдайды  мемлекетіміз үшін қолайсыз деп санаймын,  елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төнуде, өйткені бұл жағдай  "рейдерлікке" ықпал етеді. Сондықтан құқық қорғау және қадағалау органдарын бұл мәселеге жіті назар аударып,  нарықтық экономиканың негізі болып табылатын кәсіпкерлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға шақырамын".

Динара ЖЕМЕКЕШЕВА, "NABBI" ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі директоры»:

"Бүкіл әлемде төрелік келіспеушіліктерді  реттеудің  мемлекеттік сотқа баламалы нысаны болып табылады, онда төрешілерді тараптардың өздері таңдайды, бұл ретте төрешілер бейтарап және тиісті кәсіби қасиеттерге ие. "Қалталы" арбитраждарға орай қалыптасқан  қазіргі жағдай тұтас алғанда  барлық арбитраждарға  кері әсерін тигізеді, сәйкесінше барлық арбитраждарға деген сенімді бұзады, ал өз қызметін заңды және әділ жүргізетін арбитраждар да жоқ емес. Өкінішке орай, белгілі бір адамдарға арбитражды  өз мақсаттарына жету үшін пайдалануға мүмкіндік беретіндей  заңнамалық деңгейде "олқы тұстар" бар.

Қазіргі уақытта  заңдылық деңгейде бар  олқылықтар  шешілуге тиіс:

     -төреліктің ұйымдық-құқықтық нысанына қойылатын талаптардың жоқтығы  (көбінесе төреліктер ЖШС нысанында құрылады, мұндай жағдайда құрылтайшылар заңнамаға сәйкес салған ақша шегінде жауапты болмақ,оның көлемі  100 теңгеден кем болуы мүмкін);

     - төрешілерге қойылатын біліктілік талаптарының болмауы (заң білімінің болуы жеткілікті);

     -мәні бойынша  төреліктердің шешіміне қарсы келу мүмкіндігінің жоқтығы;

     - төрелік шешімінің күшін жою тек процестік бұзушылықтар кезінде ғана мүмкін, содан кейін өтініш беруші сол төрелікке, сол төрешіге қайтадан қуыным беруге құқылы;

     - билік органдары тарапынан төрелікке бақылаудың жоқтығы (төреліктер мемлекеттік органдарға есеп бермейді);

     - заңсыз шешім шығарғаны үшін төрешілердің жауапкершілігінің болмауы;

     - шешімдердің ашық түрде жария етілмеуі (шешімдер ашық түрде  қолжетімді емес).



Ұқсас тақырыптар