Алматы облысында «Үздік көшбасшы-2020» анықталды

1911291425494352f.jpg


Алматы, Mezgil.kz.  Жылдағы дәстүр бойынша Алматы облысында жастардың (14-29жас)  көшбасшысын анықтау биыл да жалғасын тауып, ерен еңбектерімен көзге түскен жастар іріктеліп алынды.

Ұйымдастырушы Алматы облысы жастар саясаты басқармасы, жиырма аталым бойынша өткізіп отыр. Үздік көшбасшы дәрігер номинациясы бойынша Өмірбекова Әсел биылғы жылы Нұрсұлтан қаласындағы медециналық Университетті тәмамдап, Ескелді ауданынында «дипоммен ауылға» бағдарламасы аясында  алғашқы қызметтік жолын, қиындыққа толы жыл пандемия мен күрестен бастап жатыр.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 23 шілдедегі бұйрығымен «суға батқандарды құтқарғаны үшін» төсбелгісімен марапатталған,  суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалған қаршадай    Жарқынбеков Даурен  «Үздік жас батыр» аталымының иегері ал «Үздік жас ұстаз» - Оразбаева Альбина ие болды. Альбина  Қапшағай қаласындағы Д.Қонаев атындағы №1 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі,  «Биология пәні ағылшын тілінде» жобасының авторы. Республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы екен.  Жеңімпаздар саны да аталмыш байқауға сай жиырма жасқа бұйырған.

27 қараша, сағат: 17.00 де облыс әкімінің қатысуымен  Талдықорған қаласы, Б.Римова атындағы драма театрында «Үздік көшбасшы 2020»  марапаттау рәсімі басталмақ. Еліміздің болашағы жастар десек, жастардың еңбегін бағалап тұратын бұндай байқаулар қашан да керек ақ...

   

                  Аида Кожмамбетова



Ұқсас тақырыптар