Алматы облысында республикалық пресс саммит өтті

WhatsApp Image 2020-12-22 at 18.37.19.jpeg


Алматы облысының ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен өңірлік баспасөз хатшыларының Республикалық  I-пресс саммиті желтоқсан айының 18-19-20 күндері Алматы облысында  болып өтті. Жетісу Медиа ұйытқы болған саммиттке  7 облыс пен 2 ірі қалалық баспасөз хатшылары мен журналистері шақырылған. Шараның негізгі мақсатын жоба авторы, «Jetisy Media» КММ бөлім басшысы, Айман Асылдан сұраған едік.

«Алматы облысында осыдан үш жыл бұрын баспасөз хатшылары өз қызметін бастаған болатын, осы уақыт аралығында олар қоғаммен кері байланыс орнатып келеді. Саммиттің басты мақсаты сол аудан қалалардағы баспасөз хатшыларының жұмыс деңгейін артыру көзделген болатын.  Мақсатымызға жеттік деп ойлаймын, себебі БАҚ өкілдері арасында алғаш рет  пресс саммит Алматы облысында ұйымдастырылып отыр. Үш күн көлемінде әр өңірден келген әріптестерімізбен іскерлік байланыста түрлі тақырыптар қозғадық. Мәселен баспасөз хатшысынан спичрайтерге дейінгі деңгей. Елдегі пандемияға байланысты тек жеті облыс пен екі қала Алматы мен Нұрсұлтан қалаларындағы баспасөз хатшылары сондай ақ журналистер қатысып, өз тәжірібиелерін бөлісті» деп сөзін түйіндеді Айман Асыл.

WhatsApp Image 2020-12-22 at 18.37.21.jpeg                   


Бірінші күн Рухани танымдық..

 Алғашқы сапар  Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында орналасқан  Үшқоңыр спорт кешенін  аралаудан басталды. 2019 жылы маусым айында ашылған кешен «туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асқан еді, спорт кешенінде   бокс, күрес, және тренажер залдары, тенис корты, жүзу бассейні, көпфункционалды залдар және басқа да инфрақұрылымдары жалпы   16 спорт түрінен жатығады екен. Салауатты ұрпақ ел болашағы демекші, мектеп қабырғасынан шынығып мықты азамат болып қалыптасуына  мұнда бар жағдай жасалған, әрі мектеп оқушыларына аталмыш қызметтердің барлығы тегін ұйымдастырылады. Екінші беталыс Жамбыл ауданындағы  Жамбыл бабамыздың музейі болды, көп халық біле бермес, Жамбыл музейінің ауласында қазақтың екі бірдей арыс азаматының қорымы барлығынан, бірі Жамбыл бабамыздың өзі болса, бірі талантты композитор, осында жерленуі өз қалауы болған Нұрғиса Тілендиев. Осы екі атамыздың басына құран оқып шығып, музейді аралауға кірістік. Ұзынша келген ескі стилдегі үйде Жамбыл бабамыздың өмірінің соңғы күндері өткен. 1996 жылы мұражай-үйге жанамалай мәжіліс залы салынып іске қосылған. Ауыл ішіндегі кейбір мәжіліс жиналыстар осында өтіп тұрады.  Үшінші танысқанымыз отандық өнімдердің бірі «Тексан Қазақстан» болды. Алматыдан  қырық км қашықта орналасқан  Қасымбек ауылындағы «Тексан Қазақстан» зауыты 300 түрлі шам, кеңсе тауарларын шығарады. Кәсіпорынның бес қалада бөлімшесі, 12 аймақта ресми өкілдері бар. Ағаштың ең соңғы қатты берігін таңдап, жасаған мектеп парталары қанша салмақ түссе де шыдамды. Шамдардың сыртына кигізілетін шыны қаптарын көзімізше бетонға лақтырып көрсетті, бір жері шытынмаған қалпын сақтап тұрған өнім, вандализмге бейім көшелерге таптырмайды екен...  Бүгінде жүзден астам аудан халқы қызмет етіп,  дәл осы жерден нанын тауып жеп жүр. Еліміздегі нарық сұранысының 70 пайызын «Тексан Қазақстан» қамтып отыр. Тек Қазақстанда ғана емес алыс жақын шетелдерге атап айтқанда Парсы шығанағы мен Латын Америкасына да экспортталып жүр..

WhatsApp Image 2020-12-22 at 18.37.19 (1).jpeg


             Жетісудің жаухарлары...

Екінші күні отызға жуық БАҚ өкілдері мінген екі көлік Талғар ауданына қарасты «Ойқарағай» кешеніне қарай жол тартты. Алдын ала тапсырыс бергендер тіпті келесі жылға дейін созылатын кешенде жылдағыдай ығы жығы халық қарасы аз.. Карантин тәртібімен келушілерді қарсы алып, ара қашықтық шарасын бұлжытпай орындап кешен қызметкерлері жүр..  Ойқарағайда қыстың нағыз атмасферасын сезінесіз, шаңғы, скейтбордпен қатар үрмелі балонмен сырғанау, екі нүктеден қатынайтын 4 шақырымдық аспалы жол салынған, жіп жіңішке жіппен сырғып жоғарыдан барғанша кәдімгідей естен кетпес адреналин аласыз..  Алып Алатаудың құйқалы баурайындағы Бесқайнар ауылының бас жағындағы «Ойқарағайдың» жалпы  аумағы 85 гектар.. Аумақ күніне 5000 адамды қабылдай алады. Өзгеше стилде салынған қонақ үйлер де бар, бағасы қалта көтермесе шет елге шығатын шығыннан аз...  Түскі уақытқа дейін, әр түрлі спорт түрлерін таңдап жан жаққа тараған  БАҚ өкілдерін түске таман жиналып, саммитің негізігі тақырыбын талқыға салу үшін мейрамхананың астындағы залға келді. Жиынға Алматы облысының әкім орынбасары Рустам Али арнайы келіп құтықтап, келгендерге жылы лебізін білдірді.   Сондай ақ Атырау облысынан келген облыстық баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы мен Қызылордалық  «Сыр бойы»  газетінің тілшісі Гүлжазира Жалғасовалар қазіргі ақпарат алмасудағы жіберетін қателіктер мен жылдам ақпарат таратудың қыр сырларымен бөлісіп, кейбір қатысушылар келіспейтіндігін айтып саммиттің алғашқы күніндегі басқосу  кәдімгідей тартысты да қызықты өтті. Жиналыстан кейін бірден Шонжы ауылына қарай жолға шыққан БАҚ өкілдерін ыстық судағы ғажайып сәт күтіп тұрған еді. Қонақ үйге орналасып кешкі астан кейін бірден ыстық судың бассейніне жиналған өзге өңірдің БАҚ өкілдері көздеріндегі таңқалыс «осындай суықта ашық аспанда суға түсу мүмкін бе» дегендей еді.. Ұйғыр ауданына қарасты Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан, Арасан сулары 37-50 С-ға дейін көтерілетін минералды емдік қасиетке.  Арасан суларына түсу үшін жыл сайын халық қарасы көбейіп келеді. Ұйғыр ауданының негізігі табысы да, жұмыссыздықты азайтып отырған да осы ыстық су..  Жанға жайлы демалыстан  қайтар күні Жетісу медиа өңірлік комуникациялық орталығының басшысы Жанна Сержанқызының бастамасымен екінші күнгі саммитті қортындылап келген қонақтар өз ойлары мен ұсыныстарын айтып тарқасты.

 

Аида Кожмамбетова

 



Ұқсас тақырыптар