"ЖЫЛ ВОЛОНТЕРІ– 2020" шарасы қортындыланды

WhatsApp Image 2020-12-24 at 20.45.09.jpeg


Ақтөбе облысындағы Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде "Жастар саясаты және дін істері" орталығының ұйымдастыруымен Еріктілер жылы қортындыланды.

Аталған шарада аудан әкімі Жолдас Батырхан тарихтағы үлкен жетістіктердің артында қарапайым игі істер, адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс тұратынын атап өтіп,  биылғы 2020 жылы төтенше жағдай кезінде волонтерлардың көмегімен жасалған жұмыстарғада тоқталды.

Сонымен қатар аудан әкімі Волонтер жылының қорытындылау кешімен аудан тұрғындарын құттықтап, үздік волонтерлар мен ерікті топтарды марапаттады.

Еріктілер бір жыл ішінде  ауданда әлеуметтік желі арқылы 500 мыңға жуық қор жинап, әлеуметтік аз қамтылған 40-қа жуық отбасыға көмек көрсетілсе, карантин кезінде 300-ге жуық бетперде тігіп, блок бекеттерге азық-түлік жеткізілген.



Ұқсас тақырыптар