«HoReCa Қазақстан» Алматыда балмұздаққа дегустация өткізді

1.jpg


 «HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындарының Ұлттық қауымдастығы «Anna Maria» кафесінде Дүниежүзілік эскимо күніне орайластырып, нарықтағы танымал балмұздаққа дегустация өткізді. Эскимо қазақстандық нарықтың 30%-дан астамын және стақандағы балмұздақтан кейін екінші орынды алады. Ал ақшалай түрде миллиондаған жанның сүйікті тәттісінің үлесі – 30 миллиард теңгені құрайды.

Эскимо күні – бұл 24 қаңтарда атап өтілетін халықаралық мереке, өйткені дәл осы күні 1922 жылы америкалық Онава қаласындағы тәттілер дүкенінің иесі Христиан Нельсон «Пирожок эскимосына» патент алды. Шоколад глазурімен көмкерілген, таяқшадағы дәмді салқын рахатқа бөлейтін кілегей кесек әрдайым мерекемен байланыстырылады. Ал осы күнге дейін эскимо эволюциядан өтті, жаңа технологиялардың өндірушілердің қиялымен ұштасуы қос қабатты шоколадтағы және салмасы, дәмдеуіш пен  жаңғақ бар, сондай-ақ «ыстық шоколад» және басқа да дәмдерден рахат алуға мүмкіндік береді. Нарықтағы осы десерттің көптеген түрлеріне қарамастан, дегустацияны ұйымдастырушылар шақырылған сарапшыларды қатаң шеңбермен шектемеді, яғни классикалық эскимомен тоқтап қалмады. Өйткені, балмұздақтардың дәмі мен түсі әртүрлі келеді және әрқайсысының өз әуесқойы бар.

Сарапшылар Euromonitor маркалары бойынша нарықтағы көшбасшы балмұздақтың, сондай-ақ тұтынушылар арасында танымал балмұздақтың дәмін татты. 2020 жылы Euromonitor ТОП-5 құрамына қазақстандық «Шин-Лайн» өндірушісінің «Бомба» балмұздағы кірді, оның үлесіне нарықтың 14,1%, «Миша» («Шин-Лайн») – 8,5%, «Золотой стандарт» («Инмарко») – 7,2%, Bahroma («Шин-Лайн») – 7% және «Магнат» («Инмарко») – 6,9% тиесілі.

Нәтижесінде, дәм татушылар «Бомба» қара печенье эскимосына, «Миша» пломбир эскимосына, «Золотой стандарт» глазурдегі пломбиріне, Bahroma фондан қызыл апельсиніне, «Магнат» шоколадты трюфельіне, «Мишка на Полюсе» ыстық шоколадтағы пломбир зефиріне, «Буржуй» Classic эскимосына, «Коровка из Кореновки» шоколад глазуріндегі пломбир эскимосына, «48 копеек» қара шоколадтағы пломбиріне және жаңғақтар қосылған шоколад глазуріндегі кілегейлі «Белочка» эскимосына баға берді.

Денис Мұсабаев - «HoReCa Қазақстан» төрағалығымен өткен сараптамалық қазылар алқасына Nazik кондитерлік желісінің иесі Анна Мирте, белгілі тележүргізуші Яна Бобрыка, кондитерлік өндірістердің директоры Лейла Алиева, сондай-ақ БАҚ өкілдері - Мақпал Ноғайбаева – «Jas Qazaq» газеті, Татьяна Аладьина – «Экспресс К» газеті және Еңлік Сақтан - Baribar порталы кірді. Дегустаторлар балмұздақты сыртқы түрі, жалпы дәмі, балмұздақтың түсі, шоколад глазурінің өңі және табиғилығы сияқты өлшемдерге сәйкес бағалады, табиғилық бұл – субъективті сезім, яғни қоспалар мен хош иістердің балмұздақтың сүттен жасалынғанын бұзбауы.

Пікірлердің плюрализм принципін сақтау үшін жеңімпаз балмұздақ тікелей таңдалмады. Алайда көшбасшылар анықталды.

Табиғи теңдестірілген дәмі, жаңғақтардың сапасы, жақсы шоколад және көзге ұнамды талғампаз келбеті үшін сарапшылар «Белочка» эскимосын атап өтті. Фавориттер арасында «Мишка на Полюсе» шоколадтағы зефир пломбирі де бар, ол қазылар алқасының өкілдеріне жақсы шоколад пен жағымды тәтті балмұздақ құрылымды-суфле үшін ұнады. «Золотой стандарт» глазурдегі пломбирі нәзік және табиғи сүт дәмі, жағымды хош иісі және қытырлақ шоколад глазурі үшін мақұлдауға ие болды. «48 копеек» қара шоколадтағы пломбирі қанықтылығы мен нәзік кілегейлі құрылымы үшін атап өтілді.

Табиғи сүттің дәмі бар, қара печенье мен балмұздақтың сәтті үйлесуі «Бомбада» байқалды, ол қазылар алқасының пікірінше, әсіресе кіші жастағы балмұздақ сүйермендеріне ұнауы тиіс. Сондай-ақ, «классикалық» бай кілегейлі дәмі мен жағымды құрылымы үшін сараптамалық комиссия бірауыздан «Миша» пломбир эскимосына ерекшеледі.

2.jpg


«Бұл мен қатысқан ең дәмді дегустациялардың бірі болды. Балмұздақ көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп бекер айтылмайды – мен дәмін татудан кейін, шынымен де, позитивті әсердемін, менің ойымша, бүгін жеңілгендер жоқ. Дегенмен, менің субъективті пікірім көптеген қазақстандықтардың пікірімен сәйкес келетініне қуаныштымын. Менің таңдауым отандық өндірушінің «Белочка» және ресейлік «Магнат» балмұздақтары болды. «Белочка»  жаңғақтардың, жағымды дәмнің, жақсы шоколадтың және тәбетті түрінің болуымен ұнады. Ал «Магнат» шоколадты трюфельі де көздің жауын алады, жағымды, тым тәтті емес дәмі бар, субъективті сезіммен зер салсақ, ең аз хош иістендірілген. Менің негізгі тұжырымым және кеңесім – әр түрлі балмұздақтардан дәм татыңыз, жаңа дәмдерді байқап көріңіз, осындай гастрономиялық рахатқа тек жазда ғана емес, қыста да бөленуге мүмкіндік тауып көріңіз», - деді «HoReCa Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығының өкілі Денис Мұсабаев.

Қазір 230 мыңға жуық адам жұмылдырылған HoReCa саласы күрделі кезеңдерді бастан өткеруде. «HoReCa Қазақстан» қауымдастығы бейресми сипатта өткізілген дегустация сала қатысушыларына, оның ішінде балмұздақ өндіруші - үздік серіктестердің үздік өнімдеріне артықшылық беруде септігін тигізеді деп үміттенеді.

 

 



Ұқсас тақырыптар