Сарқан ауданында 88 мың тоннадан астам қант қызылшасы жиналған

1.jpg


Сарқан ауданында өткен 2020 жылы егістіктен 88 мың тоннадан астам қант қызылшасы жиналды деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Саялы Сарқан өңірі ауыл шаруашылығына қолайлы аудан болғаныдықтан дала жұмыстарының маңызы зор. Соның ішінде қант қызылшасына көңіл бөлініп отыр. Жыл сайын шаруалар гектар санын артып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, мол өнім алуда. 

Өткен жылы аудан бойынша 90 - ға жуық  шаруа 3 167 га жерге қант қызылшасы сеуіп, алқаптан 88 мың тоннадан астам өнім жиналған.

«Себілетін тұқымдардың басым бөлігі Франция, Германия елдерінен және АҚШ-тан тасмалданады. Сондай-ақ, отандық «Айшолпан», «КазСиб-14» тұқымдарын да пайдаланады. Шаруаларға өткен жылы әр тоннға 18 теңгеден барлығы 267,5 млн.теңге субсидия төленді. Қазіргі таңда себілетін тұқымға өтініш берілді. Биылғы жылы 3 315 га жерге тәтті түбір себеміз деп жоспарлап отырмыз, одан шамаман 130 тонна өнім жиналады деген ойдамын». - дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадық.

Қант қызылшасын сеуіп, одан мол өнім алған шаруалардың арасында Сарқан қаласының «Самал» шаруа қожалығы, Алмалы ауылдық округінің «Бекишев Е» шаруа қожалығы және Бақалы ауылдық округінің «Елубаев КС» шаруа қожалықтарын атап өтуге болады.

Айта кетейік, былтырғы жылы аудан бойынша 1 млрд. 220 млн.теңгеге 69 әр түрлі ауыл шаруашылық техикалары сатып алынған.



Ұқсас тақырыптар