Жерұйық іздесең Кегенге кел!

4.jpg


Алматы облысы нағыз туризмге таптырмайтын көрікті жерлері, Республикалық маңызы  бар, ерекше қорғаудағы табиғаттың  көпшілігі орналасқан шырайлы мекен. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы жанынынан құрылыған «Жетісу медиа» комуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен, Кеген ауданы әкімдігінің  қолдауымен Алматы мен Талдықорғандық бір топ журналистер мен блогерлерге екі күндік сапар өтті. Екі көлік Алматыдан шыққанда сағат таңғы сегізден кеткен еді, Кеген ауданының ортылығына жеткенде шамамен түскі 12 ге жетті. Тамақтанып алысымен аудандағы  Шырғанақ орта мектебіне аяқ бастық. Мектепте қарсы алған аудан әкімі бастаған топ, карантин тәртібімен  балаларыдың қолынан шыққан бұйымдармен, сурет өнерімен таныстырып өтті. Шылғайдағы аудан екендігіне қарамастан мектепте роботехника бөлмелері де бар. Әр түрлі аңдарды қатырып, қазақтың қолөнерлі бұйымдарыннан мектеп ішінде кішігірім музей де жасақтап қойған. Мектептен шығып, түскі астан кейін сапарымыздың негізгі бағытына көштік. Аудан ауыл-шаруашылықты өнімдерді өсіретін  болғанмен, болашақта дамитын туризмді аудан болуға өте қолайлы. 2020 жылы келген туристердің есебінен 20 млн теңгеге дейін түсім көргенін ескерсек болашақта бұл көрсеткіш одан ары жоғарлайды деген үміт те бар.  Ғаламторларды жаулап жүрген кішігірім «Мұзтау» да осы жерде... Биіктігі 14 метрге жуықтаған бұл жер кездейсоқ ғаламторды шулатып, бүгін де адам аяғы үзілмейтін Шырғанақ ауылының көрікті мекеніне айналған. Алматыдан әжептәуір алыс болса да қаптаған адамдар қыста  үш ай бойы үзілмейді дейді. Тек қыстық маусымда ғана адамдар көбейетін бұл жерге де  мұздың көлемін ұлғайтып, қасыннан коньки тебетін, шанамен сырғанайтын орындар ашылса құба құп болар еді..  Түскі астан кейін бірден Мойнақ СЭС іне жол тарттық, Алматы облысы мен Алматы қаласының энергиямен қамтамассыз етіп тұрған Мойнақ Республикалық маңызы бар СЭСінің  бірі.   Бұл жер ас­тын ұң­ғы­лау әдісімен жасалған су электр ста­н­са­сы­­ның құрылысы 1985 жылы Кеңестер Одағы­ның тұсында басталып, Одақ тараған соң тоқ­тап қал­ған еді. 2005 жылғы 21 қарашада «Мойнақ су электр стансасының құрылысы» тура­лы Үкі­меттің арнайы қаулысы шық­ты. 2006 жылы қолға алынған құрылыс қар­қынмен жүріп, 2012 жыл­ғы сәуір айынан бастап іске қосылды. Елбасы Алматы облысына жұмыс сапарымен барғанда Мой­нақ СЭС-інде болып, екінші су агрегатын іске қосты. «Мойнақ»  5 жыл ішінде  5 млрд Квт-тан аса қуат өндіріп, жергілікті бюджетке 500 миллион теңгеге жуық қаражат түсірген. Алматы қаласы мен Алматы облысына ток көзін тарататын станса қуатын әлі де арттырмақ...

Екінші күнгі сапардың басы Қазақстанның он жаухарларының тізіміне енген Көлсайға сапар басталды. Жолы тақтайдай тегіс болғалы, келушілер саны көбейген. Жаз айларында ерекше құжынайтын орын, қыс айында қандай болады екен деген ерекше қызығушылығымыз болғаны рас.. Үстін қалың мұз басқан Көлсайдың үстінде жазда қайықпен жете алмаған жерлерге оп оңай бара аласыз.. Қыстың да ерекше атмасферасын сезіндіріп, жан жағындағы  таулы жартастарға ерекше сыйқырлы сурет береді.. 

3.jpg

Кеген ауданы әкімі, Талғат Бәйеділов: -Туризм саласын дамыту мақсатында Көлсай,  Қайыңды маңынан 6 ірі жобаны іске қосуды көздеп отырмыз. Біз туризм бағыты бойынша екі бағытта жұмыс жүргіземіз, біріншісі Саты көлдері яғни Көлсай, Қайыңды бағыты. Екінші бағыт Қырғыз Республикасына қарай Қарқара жайлауына қарай жол жөндеу жұмыстар қолға алынады. Мыңжылқыдан Қырғыз Республикасына қарай үлкен «Хантәңірі» алпинистік лагері бар. Сол жерге де туризмді дамытуға бюджеттен 200 млн теңге қаражат бөлдік.

Жалпы алғанда Кеген ауданы ауыл шаруашылығы ауданы болып есептелгенімен таңғажайып табиғатының, емдік бұлақтарының саф ауасының, қайталанбас табиғат тарту еткен шөптерінің ерекшелігмен туризмдік аудан болуға ақырын қадамдар жасалып келеді. Ауыл тұрғындары да соңғы уақытта туризмге белсене кірісіп, өз беттерімен ағылшын тілін үйреніп, түрлі кәсіп түрлеріне бейімделіп жатыр. Жалаңаш ауылдық округіне қарасты «Жүз көл» көліне келушілер жаз айында өте көп дейді, ауыл әкімі Әміржан  Мәлібеков. «Республикалық ерекше маңызы бар қорықтарының есебіне кіруге дайын тұрған қанша ауылдар, елді мекендер бар, егер Республикалық қорық мәртебесіне ие болсақ, қанша жобалар іске асып, қанша жандар жұмыспен қамтылар еді» деп сөзін түйіндеді Ә.Мәлібеков. Қорғауға алынған осындай жерлердегі ауылдағы экологиялық таза өнімдерге қатысты бизнес жобаларға да ауыл тұрғындары бей жәй қарамай бүгінде бірі саумалмен емдеу орталығын, бірі келген туристерді тамақпен қамтамассыз ету үшін шағын асханаларды салуды бастап кеткен.

2.jpg

«Пресс турды ұйымдастырудағы басты мақсат Алматы облысындағы көрікті жерлерді халыққа, БАҚ арқылы жеткізу, толығынан насихаттау. Өздеріңіз көріп отырсыздар биылғы Мұзтауға деген сұраныс өте көп болды. Мұзтау тек Республикалық қана емес, көршілес Ресей,  Қытай, Түрік мемлекеттерінің арналарынан көрсетіліп жатыр. Әрине барлығы БАҚ құралдарының нәтижесі, сондай-ақ әлеуметтік желіге салынған суреттер де аз емес. Алдағы уақытта Алматы облысының Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдарына пресс тур ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Карантин шектеулеріне байланысты қазір нақты уақытын айта алмаймыз.. Келешекте облыстың  өзге де көрікті жерлеріне пресс турлар ұйымдастыруды көздеп отырмыз» деп қысқаша ақпарат берген, басты ұйымдастырушылардың бірі  Жетісу Медиа комуналдық мекеменің басшысы орынбасары Мұратбек Балтабек.

Сапар соңында Шарын шатқалына аз аялдап, Алматыға қарай жол тартқан тілшілер қауымы өз жеріміздің шет елдіктерінен асып түсер ғажаптығын сөз етісіп ақырын Алматы ға жетті.

        Алматы-Кеген-Алматы.

Аида Қожмамбетова


Ұқсас тақырыптар