Қиналды адамзат...

9.jpg


Қамықпа, досым, қамықпа

Үйде боларсың қамақта.

Бет перде киюді  ұмытпа,

Дұрыс қой деп қабылда.

Жұқты вирус дәрігер мен балаға

Артты саны аурудың қаламда.

Аруды жеңу қиын жалғанда,

Көнбеске амал жоқ, шара бар ма?.

Шыдамды бол деп айту оңай,

Жақсы емес қой бұл жағдай.

Сабыр бер, тәңірім  адамға,

Тыныштық болсын ғаламда.!

Сынау үшін келген сынақ,

Дүниені сілкінттің-ау  бірақ.

Күнің қалған шығар азырақ

Адамзат жеңер бәрін әлі-ақ.

Нұр-Сұлтан қаласы,

Күлзейнеп Шакенқызы

21.04.2020

 


Ұқсас тақырыптар