Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі

2.jpg


Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында  2021 жылдың 2 сәуірінде сағат 10:00-де  «Қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі» тақырыбында  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция барысында қылмыстық сот өндірісінің үшбуынды моделі шеңберінде сотқа дейінгі өндірістің мәселелерін шешудің, ғылым мен практиканы интеграциялаудың, полиция академияларының ғылыми-білім беру қызметі аясындағы позицияларын жетілдірудің, ведомстволық білім беру жүйесін оңтайландырудың, тәжірибеге бағытталған оқу бағдарламаларын және жаңа арнайы курстар мен пәндерді енгізудің өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Конференцияға қатысуға жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, академияның 1-ші факультетінің тыңдаушылары шақырылады.

Аталған іс-шараға: Парламент сенатының депутаттары, Конституциялық Кеңестің өкілдері, Ішкі істер министрлігінің басшылығы, Бас Прокуратура және Жоғары Сот өкілдері мен Халықаралық ұйым өкілдері, Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Академияның профессор-оқытушы құрамы мен Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары және басқа да елімізге танымал тұлғалар қатысыды. Ғылыми-тәжірибелік тақырыптарға қатысты заң саласының белгілі ғалымдары ойларын ортаға салып, пікір алмасу болмақ. Сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының, Ресей Ішкі істер органдарының өкілдері онлайн режимінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі.


Ұқсас тақырыптар